ВЕРНУТЬСЯ

Нан!

          Артықсың сен
алтыннан.

Алтыннан артықты
өсірген

Айналайын
халқымнан!

Ел емеспіз
ешқашан -

Қабының түбі
сарқылған.

Тасып аққан
өзендей,

Тынбаймыз керуен
тартудан.

Мінекей, солдат,
сыбағаң -

Алдырмас жауға
алқымнан.

Мінекей, шахтер,
сыбағаң -

Туғызар қарқын
қарқыннан.

Қимылда, достар,
қимылда,

Айныма берген
антыңнан!

Жолдас емес тартынған!

Римде

          Аспаны қандай,
хрустальдай көгілдір,

Жапырақтардың
жасылы қолға жұққандай.

Кең алаңда
фонтандар меруерт төгіп тұр,

Көз жасын жердің
тереңнен алып шыққандай.

Колоннолар
қайратты құлдай арқалап

Салтанатты
соборды сонау Петрдың.

Тәңірілерден
тілекпен алып қолқалап

Болашаққа әкеле
жатқан секілді.

Мүлгіген кілең
әулиелер мүсіні,

Мұңлы ойларын
баяндар мұңлы көздері.

Тұрғандай түгел
дәуірін еске түсіріп,

Танитын емес
өздерінен өзгені.

Боранда

          (Азамат
соғысынан)

Ызғырық аяз, қара
түн,

Боранмен бірге
келеміз,

Аспанда жоқ ай,
жұлдыз,

Жарысып желмен
желеміз.

Винтовкаға мұз
қатқан

Бетті баскан ақ
қырау.

Тек суымай ыстық
қан,

Қайда дейміз
тосқан жау?

Тыңдашы, әне, жан
анам,

Жылап дауыс
береді.

«Тез жет!»- деген
зарлы үні

Суық түннен
келеді.

- Шу, жануар,
тұлпарым,

Тепсініңдер,
жолдастар!

Құтқаралық ауылды

Бар еді бір жылқышы

        Бар еді бір
жылқышы

Танысып ем
жайлауда.

Қағушы еді
домбыра

Қыз ұзатқан
тойларда.

Ағып тұрған әнші
еді

Арнап туған
сайрауға.

Тоймаушы еді
талғанша

Түнде ақсүйек
ойнауға.

Қайда екен сол
жылқышы?

Әсем еді-ау
күлкісі.

Жылқышы бір, жел
де бір

Жел қайда деп кім
сұрар?

Жүйрікті таңдап
мінгеннің

Өзінде ғой
ықтияр.

Я бір биік
жартаста

Ортекедей тұр
шығар,

Я бір жасыл
жазықта

Жол салып күнбатысқа қан мен терден

         Жол салып
күнбатысқа қан мен терден,

Жөнеген жойқын
ерлер жеңістермен,

Жайрата жау
ордасын кірді басып,

Босатып
бостандықты неміс бүрген.

Жауыздың оқпен жыртып
көкірегін,

Қақ жарып
Германия сұм жүрегін.

Табысты әділеттің
батырлары

Төккен қан,
тартқан азап кетпей тегін.

Қуан, дос, қуан,
бауыр, қарындасым,

Жаныңда шаттық
оты жалындасын!

Жалғыз-ақ
хиялыңнан шығарма сен

Ағарған ағалардың
әрбір шашын!

1945

Страницы