ВЕРНУТЬСЯ

Қақпа есікті

           -        Қайыршы ма, кімсің өзің?

Мазамды алма,
кақпа есікті!

-        Сен де орынсыз жаппа есікті,

Тастау керек
кесірлікті.

-        Айтшы әуелі ат-жөніңді

- Атым
қарттық-жолаушымын.

-        Аулақ онда біздің үйден,

Күгкен емен
тонаушыны.

-        Аш тезірек есігіңді,

Әуреленбе босқа,
шырақ.

Жаратпаймын
кешігуді,

Жұмысым көп,
жолым жырақ.,

Қиратама есікті
бұл,

Неткен өжет
антұрған шал!

Кетті менен
қайрат, амал...

Мен де шығам

          Қарындасым
Сырғакүл келіп маған.

Құшақтайды
мойнымнан:- ағалаған.

-Алып берші,
Көкежан, бір галстук,

Ертең тойда
галстук мен де тағам.

«Ертең тойда
галстук шықсам тағып,

Жүрсек отряд
тізіліп, топты жарып.

Қалың отряд
алдында барабанды

Мен де жүрсем,
Көкетай, қатты қағып.

Кірлетпес ем,
күтер ем, сақтар едім,

Пионерлік атымды
ақтар едім.

Тақсам тағып,
мереке мейрамдарда

Сені, Көке,
әрдайым мақтар едім».

Арман

         Айсыз түн, тынық
алаңсыз аспан,

Тартады күңгірт
қалғыған орман.

Сездірмей жанға
аяғын басқан

Келеді жым-жырт
аңсағыш арман.

Оятты желді
ұйқысыз арман:

-Көрдің бе, қайда
сүйгенім менің?

- Естіп ем күндіз
әндерін салған,

Білмедім бірак
мекенін оның...

Аңсағыш арман
ілгері кетті,

Қайтадан жел де
ұйқыға батты.

Сол кезде бір ән
талмаурап жетті,

Жалт етіп арман
қанатын қақты.

Айсыз түн, тынық
алаңсыз аспан,

Ақын - батыр

1

Отырды ақын ойға
батқан

Өлең мен жыр
толған үйге,

Ұшқыр қиял қанат
қаққан

Тыңнан дастан
көтеруге.

Жазған сайын
төгіледі

Жанды сөз бен
жалынды ырғақ,

Жырға қағаз
көміледі

Тынбай қалам
жортуылдан,

«От пен оққа қарсы
шапты

Ойрандады жау
қамалын.

«Отан үшін!»-деді
қатты,

Ойламады аққан
қанын».

Жазды осылай орта
шенде

Поэманың бір
шумағын...

Жедел бұйрық
жетті демде

Серт

          Москва, саған,
саған туған астанам,

Лениндік ЦК-ға
бізді бастаған.

Ант етемін жүрегім
менен жаныммен,

Ант етемін ішер
су, жейтін наныммен,

Ант етемін
аспаныменен елімнің,

Тауларыменен,
орманыменен жерімнің.

Ант етемін ак
сүтіменен ананың,

Өміріменен,
үмітіменен баланың:

Біз мәңгілік
Россияменен біргеміз,

Мызғымайды
болаттан берік іргеміз!

Күніміз ортак,
түніміз ортақ айрылмас,

Әніміз ортақ,

жырымыз ортақ
айнымас,

Страницы