ВЕРНУТЬСЯ

Тастақ, жол, пар ат жеккен жеңіл арба

          Тастақ, жол, пар
ат жеккен жеңіл арба

Барады құйындатып
күн батарда.

Жел ескен
екпінінен екі құр ат

Жарқылдар
тағалардан от шашырап.

Көңілді, божы
ұстаған жас баланың

Кешкісін
қоңырлатып салған әнін

Сүйсіне қос
жолаушы тыңдай түсіп,

Бөктерлей
Алатауды келеді ұшып.

Түсті түн,
тоқтаған жоқ қос жолаушы,

Әндетіп әлі
тынбай келеді әнші.

Құшақтап Айбаласын
тұңғыш рет,

Денесі бір
қызынып, бір тітіреп.

Хат

          «Хат жазамын қалам
тербеп

Құлағын сал, жан
аға.

Мен баурыңның
сізден сұрар

Бір тілегі бар,
аға.

Тілегімді хатқа
сызып,

Білдіруім
қиын-ақ,

Екі бетім отыр
қызып,

Істегендей бір ұят.

Ұят дерлік ұят та
емес,

Жазбақшымын
сырымды.

Қиналамын айтуға
тек,

Жеткізе алмай
тілімді.

«Жас күнімде»
жандай көріп

Еркелеттің, жан
аға.

Қос бетімнен
кезек сүйіп,

Деуші ең «жаным
садаға».

Қалаушы едік уақыттың тез өткенін

          Қалаушы едік
уақыттың тез өткенін ,

Күтпеуші едік жұмыстың
кезектерін

Күлуші едік
мазақтап егделердің

Өткендерін
қызықтап сөз еткенін.

Енді міні егделік
бізге ауысты:

Сақал, мұртқа
әуелі қылау түсті.

Жаздың жылы
шырайы кейін қалып,

Күн қысқарды, түн
ұзап, қырау түсті.

Өткен етсін,
оралып келмей-ақ қой,

Оны маған тіпті
обал көрмей-ақ қой.

Тимеңдерші тек
қана бүгініме,

Жастағымды
қайтарып бермей-ақ қой.

Нан

           Нансыз жасар
қандай жан?!

Тұрмын қарап көз
алмай

Толқындаған
бидайдан.

Алтын шашақ әр
басы,

Ақ меруерттей
әрбір дән.

Өсіру үшін осылай

Батқанынша талай
күн,

Атқанынша талай
таң

Білмегенбіз
шаршауды -

Сыңарын терді
маңдайдан.

Даласында
еңбектің

Үзілмей бір биік
ән,

Кезек-кезек
шырқаған:

Жас сұлулар,
жігіттер,

Жеңіспен қайтқан майданнан.

Аралдар

          Лапылдап барып
өшті күн,

Таусылған тұсы ед
айдын да.

Қоңырта келіп
қонды түн

Жарқырап жатқан
айдынға.

Қалт етпей

қалдым мен тыста

Жанымды желге
жайдым да.

Көздерін ашты
маяктар

Қараңғы түнек
қойнында.

Қиялға кірді
қозғаулар,

Жұлдызы жанды ойдың
да.

Келеміз Грецияның

Ертектер өскен
орнында:

Көргендей болам
бейнесін

Жыр айтқан Гомер
шалдың да,

Лирамен алтын
әндетіп

Аполлон кетті
алдымда

Страницы