ВЕРНУТЬСЯ

Күзетші

          І-сцена

         Жазғы түн. Қолына
фонарь ұстаған кемпір келеді.

К е м п і р

Қайда кетті екен
жоғалғыр?

Тым болмаса маған
тыным берсе еді.

Айтқан тілді алса
еді.

Уһ, жолы қайда
жаңағы?

(Еқкейіп аяғының
астына қарайды.)

Жеңіл пальтосын
қарына ілген шляпалы жігіт қарсы кез-

деседі. Екеуі де
кідіреді.

Ж і г і т

Жол болсын, шеше?

К е м п і р

Жоқшымын. Өзің
кімсің, жас жігіт?

ЖІгіт

Ақынмын

Күзет әні

         Жарық түнде жазық
дала, жайлауда,

Шаршамаймыз
атқанша тан ойнауға,

Ай астында
алтыбақан тербеліп,

Үйренгенбіз
толқынды жыр толғауға.

Тербел, тербел
алтыбақан жайлауда,

Жалықпаймыз
атқанша тан сайрауға.

Ән мен өлен қой,
қозыны тербетіп,

Жануарға жандай
серік болмай ма?

Түнгі дауыс тым
алысқа кетеді,

Жаңғыртады, тауды
дірілдетеді,

Жайлауында жаздай
думан қайнаған,

Қандай қызық
күзетшілер мекені!

Қазақстан

           Қазақстан
өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай
өзгелерше мен бүгін,

Оңай ғана
ұғындырып байқайын,

Болмашы бір
белгілерін айтайын.

Қысты күні
бөлмеңізде пеш қызып,

Көрінгенде сол қызудан
кеш қызық.

Жанған отқа
сүйсіне зер салыңыз.

Қазақстан көмірі
деп таныңыз.

Туралғанда ақ
мамықтай бөлкелер,

Түспей ме еске
астық еккен өлкелер,

Соның бірі
Қазақстан - таныңыз,

Соның наны жеген
осы наныңыз.

Дастарқаннан
нарттай қызыл алманың

Көзіңді аш

           («Еңбекші Қазақ»
газетінін 133-санында Бөгенбайұлы Жол-

пас «Кедендер-
газеті тимейді, ауылдық кекес ағасының

қоржынында жүр,-
дейді.)

Кедейлер топ
болып отыр,

Топтанып көп
болып отыр.

Бәрі де газетке
жазылған

Не пайда - жоқ болып
отыр.

Құлғара күйініп
отыр,

Қабағы түйіліп
отыр.

Газет жоқ,
ауылнай жоқ,

Қамшысын үйіріп
отыр.

Ауылнай аттанып
жүр,

Жан күйттеп
баптанып жүр.

Ет аулап, қымыз
іздеп,

"Правдаға"

        Мен бала едім
тұңғыш сені көргенде,

Тұңғыш рет
тіліңді ұға білгенде.

Сен, қаралы көз
жасыңмен естірттің

Әкем менің - ұлы
Ленин өлгенде.

Естірттің сен,
егілгенше жылаппын,

Есіркедің, өз
балаңдай жұбаттың.

Үйреттің сен, ұлы
көсем өсиетін,

Көкірегіме кұйдың
бәрін куаттың.

Жүрегіме жалын
қостың лебіңмен,

Жасқанбайтын
еттің бейнет, елімнен.

Келем еркін
иесіндей әлемнің

Алған сенен
ерлікпенен, сеніммен.

Страницы