ВЕРНУТЬСЯ

" Әбділда Тәжібаев (1909-1998) Қызылорд қаласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген.     Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының асакөрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегіалғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастағанол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздікжетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын,республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. {mospagebreak}Ә.Тәжібаев -поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен,шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бірақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы - тың ізденістің,жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулытуындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаевталантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағызерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп,үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпенбейнелеген өте мол мұра қалдырды.Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргіҚызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да,шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қаласыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақынон үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесіндеөседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасымен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты,көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілеріноқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарықкөрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарынаШығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған.Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі - Әбділда болған.Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгіқисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстінебұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршыларыжиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әншіНартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық,ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеденқайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзішығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап,мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.{mospagebreak}Жаңа бір түсіп, шам сөнді, Ашыла түсіп, гүл солды, -деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын даесінде сақтап қалған.Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысындасүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алыпжүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан.Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерденқазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілердікөп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақынкейін өзінің "Еске алу" деген шағын поэмасында отбасыныңжетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесітуралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында:Есімде жоқ шын суреті, Әкем менің қандай кісі. Тек елестей бұлдырайды Әлдекімнің көлеңкесі, -десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелегенаяулы нағашы атасы туралы "Сыр жырлары" топтамасында жер ортасы жасқакелген ақын:{mospagebreak}Кейде түске кіреді, Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін, Нағашы атам таяғын.Жүгіремін жағалап, Сырдың жайпақ жағасын. Кәрі көзбен сығалап, Қарар маған нағашым.Бірде қуып жүремін Шіркей мен шыбынын. Айдап бірде жүремін   Нағашымның шығырын...Босайды екен көңілің Туған жерге келгенде: Көрініп тұр  жып-жылы Көп тырнаған шеңгел де.Кейде түске кіреді Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін Нағашы атама таяғын, -{mospagebreak}деп еске алады. Ол таңғажайып шығыс поэзиясынан да, туғанхалқының бай да көркем ауыз әдебиеті мұраларынан да таусылмас әсер, ләззат алыпөседі. Жалпы, тумысынан дарынды, зерек те сергек Әбділданың ауылда алған әсерібай да құнарлы болған. Оны ақын шығармашылығынан байқау қиын емес.Жоғарыда аталған поэмасының кейіпкері қаладағы оқу орнынааттанғаны туралы:Қар да құйды жапалақтап, Тоқтамастан бастым алға. Тұңғыш ізім бақыт қуған Тұңғыш жауған түсті қарға, - дейді. Бұл Әбділданың өзі туралы айтылған сөз еді. Шынындада, ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналғанинтернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағыбастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді.  Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттыңқабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте,1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді Еңбек жолын "Еңбекшіқазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен поштатасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетіредакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың"Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетіндебасылады. Бұл - оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері"Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады.Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына,ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады.{mospagebreak}30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре дежазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биіккекөтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) депаталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр","Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары менМ.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы дасол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарыныңбіріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақпоэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп(1939) бағалайды.Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясыныңТіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақәдебиеіті" газетінің бас редакторы болады. 1963 жылы Қазақ КСР ЖоғарғыКеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болынсайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біразжылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеужұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққаарнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп,тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағындадүние салды.  "

Әбділда