ВЕРНУТЬСЯ

Айнұрдың үйі көкен күн

             Ежелгі дүние адамдарының тіршілігі, қым-қуыт қызықты
хикаялармен көмкерілген аңшылық кәсібі, садақ тартып сайранын салған ғажайып
дәуірі жайлы әңгімелеген Шабақ ағай тілінен май тамызады. Бақытты жандар бастан
кешкен  бағзы бір заман қияли баланың
арманы: беймағлұм әлемнің баурайына басын сүйеп, еріксіз маужырайды. Күні
балқып көтерілген көктем айы екен дейді, дала төсінде өскен көк шөптің жұпар
иісі тыныс жолдарын қуалап, тұла бойын жайлап алған. Төңірегі тұнған мәуелі

Көшеден сені іздедім

Көшеден сені іздедім,

Көк жапырақты
орманнан.

Алматы жақтан
іздедім,

Қапшағай қашқан
жолдардан.

Аралға бардым сұрау
сап

Табам деп сенің
бейнеңді.

Теңіз де тілсіз
долданған,

Сарыарқа кездім сен
үшін.

Сағыммен ұшып жүр ме
деп.

Сылаңдап өтті ол да
алдан.

Ертіске бардым
ертерек.

Таласа таңмен тұрдым
да,

Таппадым бірақ ол
маңнан

Аспанға қарай көз
тіктім.

Ақ шарбы бұлтпен
торланған.

Көзге мәңгі көрінбейтін жағалау

   ПРОЛОГ ОРНЫНА

  Екі әженің, екі ананың таласы ем,

Кешіре гөр, шынымды айтсам, аға, сен.

Он ұлы бар Жошы емес,

Садықтың,

қырыққа кеп жылап көрген баласы ем.

Қарашықтай құлыны едім атамның,

Жошы шалдың сүткенжесі атандым...

Көп тентектің шатағына шыдайтын,

Берекесі біздің ошақ-отанның.

Қисық шалдың қағып алып «сөздерін»,

Аузына құм құятынмын өзгенің.

Көңілімде, бірақ бүкпе болмайтын,

Шындықты айтып тұратұғын көздерім.

Өкініш көп... қазір ішке сыймайды:

Страницы