ВЕРНУТЬСЯ

Көшеден сені іздедім,

Көк жапырақты
орманнан.

Алматы жақтан
іздедім,

Қапшағай қашқан
жолдардан.

Аралға бардым сұрау
сап

Табам деп сенің
бейнеңді.

Теңіз де тілсіз
долданған,

Сарыарқа кездім сен
үшін.

Сағыммен ұшып жүр ме
деп.

Сылаңдап өтті ол да
алдан.

Ертіске бардым
ертерек.

Таласа таңмен тұрдым
да,

Таппадым бірақ ол
маңнан

Аспанға қарай көз
тіктім.

Ақ шарбы бұлтпен
торланған.

Айнала қарап алаң
боп,

Өзіңді жүрмін табам
деп,

Қисапсыз мынау көп
жаннан.

Саған да ауған
аңсарым.

Шарладым жерді

Шарладым!

Жеткізер кезің болды
арман...