ВЕРНУТЬСЯ

   Көрген, 

білген,

баға айтқан небір қауым,

Жасыра алмай кеткен көп таңырқауын.

...«Төбе ғой», - деп қомсындың,

суық күлдің,

Көзге ілмей бұл жердің Қоңыртауын.

...Жан аға бұл сөзіңнен жабырқадым.

«Балам,

бұлақ түбінде дария бар»,-

деп айтатын ертеде қариялар.

Көз емес, көңіл керек екен Сізге.

Тау мен төбе тұлғасын айыра алар...