ВЕРНУТЬСЯ

   Бала кезімде әкеммен бірге қонаққа жиі баратынмын. Ол
кездегі ауылдың берекесі ерекше еді ғой.

Жарысқазан, шілдехана, бесікке бөлеу, тұсау кесер,
тоқымқағар сияқты той-томалақтардан әжем қалмайтын. Бір ғажабы, қай үйге
қонаққа барсам да, ылғи құлақ жейтінмін.

- Әже,- дедім бір күні шыдай алмай.- Маған неге құлақ ұстата
береді?

Әжем маған мейірлене қарады: «Ата-бабаның үрдісі солай.
Үлкендердің жас балаға құлақ беретін себебі, жақсы сөзге құлағы түрік болсын,
айтқанды тыңдап өссін дейді».