ВЕРНУТЬСЯ

  I

  Шешен емес аузымен құс тістеген, 

Батыр емес ғажап ерлік істеген.

Күнде көрер кәдуілгі кісі бұл,

Тәулік бойы трактордан түспеген.

Дана емес дара шыққан мыңнан бір,

Оған үйір емес атақ, шу-дабыр.

Шәкен дейтін, Шәке дейтін жан сирек,

Көп ауылда жүретін жай біргәдір.

Езуінде еміренген күлкі жоқ,

Қалың қабақ тұрмас, тіпті, бүркіп от.

Кітаптардан қалатұғын кездесіп,

Басқалардай бұл ағаның мұрты жоқ.

Дәмін білер тәтті менен кермектің,

Елеусіз бір солдаты бұл еңбектің.

Қуанышқа бөркін атып айғайлап,

Иә ойбайлап ренжігенін көрмеппін.

Байқамаппын жағынатын жортағын,

Не ығымен кеткен емес ортаның.

Өлеңіме артық бояу қосуға,

Қарапайым болмысынан қорқамын.

II

Бригадирлік- аға жайлы аз дерек,

Ол жайында бүгінгі өлең өзгерек.

Адамдардың құдіретін айтуға,

Қоспасы жоқ болаттай шын сөз керек!