ВЕРНУТЬСЯ

   Туған жердің қия алмай ой мен белін,

Құс керуені аспанға ойды өрнегін...

Сусылдайды қанаттар сөйлете алмай,

Сағыныштың тілі жоқ сөйлемдерін.

Сенем, сенем құстардың еліне мен,

Қанаттылар... түсінем, тебіренем;

Өмір

ұя салған бұл сары дала -

оңайлықпен ұмытылмас қоңыр өлең.

Коңыр өлең кімді де шыдатқандай,

Кұс екеш құс жүрегін жылатқандай.

Жердің мың-мың тамыры бүлкілдейді,

Бүйірі тоқ, бұлтиған бұлақтардай.

Шидің басын шулатқан мынандай жыр,

Табаны - тоң төбеге қиялдай бір...

Қара шелек жаңбыры қарашаның,

Айналсоқтап қаладан шыға алмай жүр.

Ертелі-кеш қурайды ермек көріп,

Өзегіне жел кірер түйдектеліп.

Қырда құйын жыртады...

Тоғай жақтан

Жаздың жапырақ шапанын сүйреп келіп.

Іңір түссе жарысқан мың-мың оттай

Түндер ояу жүреді тыным таппай.

Тың даланың төсінде бір алып бар, -

Мырқымбайдың баласы Миллиардбай!

Қиыршық қар, ақ жаңбыр арасында.

Бидайменен біз өстік... нанасың ба?

Картада жоқ бесінші - Алтын Мұхит

Толқып жатыр қазақтың даласында.

Шуылында мұхиттың қайсарлы ән бар,

Мұнда келмес қиыннан тайсалғандар.

Шарт буынған белбеуі тоқшылықтың -

Ми батпағы езілген лайсаң жолдар...

Елші бұлттар алып кеп қыстың кәрін,

Бауырынан үзді қар ұшқындарын.

Мәкең берік ұстайды ұлы кеме -

Қазақстан күзінің штурвалын.

Арқасында ақ жолақ бояуы бар,

Сары аңызбен қашады қоян қырлар.

Көк ала бұлт күркіреп керней тартты,

Таулар,

белдер,

ой,

 жазық,

ояныңдар!