ВЕРНУТЬСЯ

   Қалааралық автобус Алматы қаласына жақындап қалғанда, аяғы
ауыр жас келіншек қол көтерді.

Жүргізуші жас жігіт еді, тоқтауын тоқтаса да: «Бос орын жоқ»,-
деп жағдайын айтты.

- Оқасы жоқ, тұрып барамын,- деген келіншек ішке кіргенде,
жастар жағы ұйқтаған адамдай көздерін жұма қойды. Артынып-тартынып базарға бара
жатқан алыпсатарлар былқ етпей бедірейіп отыр.

Алдыңғы орында отырған қарт майдангер орнынан тұрды.

- Қызым, мұнда кел!

- Рақмет, ата, мен шыдаймын ғой. Отыра беріңіз!

- Қызым,  үлкеннің
тілін  алмау  көргенсіздік болады. Келіншек қып-қызыл
болып, ақсақалдың орнына жайғасты. Сол-ақ екен, жолаушылардың арасында күбір-сыбыр
басталды.

- Қарт майдангер екен... Омырауындағы жолақ жарақаттың
белгісі.

- Келесі автобусты күтпей ме?

- Аяғы ауыр болса, такси ұстамай ма?

Ақсақал жолаушыларға жалт қарады. Өңі қуқылданып, бурыл мұрты
тікірейіп кеткен.

- Молчать деді ақырып.- Мүгедек екенім рас. Бірақ мен қанымды
жас ұрпақ үшін төккенмін! Егер бір емес, екі аяғым жоқ болса да, өмірге келетін
ұрпағым үшін тік тұрып қызмет қылуға әзірмін!

...Маған бұл хикаяны қазақ тілін екінші ана тілім дейтін 86
жастағы көршім София апа Бондаренко айтып беріп еді.