ВЕРНУТЬСЯ

Қызылша

    Сол
жылғы қыс біздің көршіміз Толыбай деген шал, әйелінің аты Қағаз еді. Аты Қағаз
болғанмен, заты қағаз емес, кемпірдей қара, көзі аларған, тайпақ бет үлкен
әйел. Мен ол кісіден тайсаламын. Қағаздың менен үлкен баласы бар, шешесінен
түр-түсі аумағандықтан онымен ойнау да қауіпті тәрізді. Сондықтан жалғыз өзім
машинадан қалған ірілі-уақты дөңгелектерді тауып алып, жер жетпегендей
күл-қоқыстардың арасында заулап жүремін. Езуім көпіргенше гүрілдеп,
титықтайтыным сондай, бір күні жайма қораның шуағына маужырап, далада ұйықтап қалыппын.

Сақыптың әні

 Кәдімгі
қыраулы қыс. Бізде оқу залы деген атымен жоқ, бір топ бала интернаттың асханасында
сабаққа дайындалып отырмыз. Ірілі-уағы аралас онның үстінде болармыз. Ас үй
жақтан қалайы табақшалардың қақтығысқан құлаққа жағымды даусы шығады. Бұл түскі
асқа деген уақыттың таянғанынан хабар. Дегенмен, осыдан соң-ақ балалар арасында
сыбыр-жыбыр күшейіп, әлдеқалай көңілділік пайда болады. Осыны сезгендей асхана
жақтан сызылтып салған сазды бір әуен естіледі:

Қызғалдақ
- таң нұрымен, ах-а-ау ашылады,

Қырларға
жастық көңілі-ай асығады.

Бауыр

   - Сен Әуенді ренжітпе,- деді атам мені қасына шақырып алып.-
«Аға - бор, іні - тас» деген мәтелді естіп пе едің? Оның мәнісі былай: сен
естиярсың ғой, ол болса әлі ақылы кірмеген сәби. Сондықтан да бірді түсінсе,
бірді түсінбейді. Және кенже бала өзімшіл болады. Жалпы, жасы кіші бауырға
кешірімді болу керек. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»
дегенді ұмытпа! Туманшы деген елде ертеде Төлек атты батыр болыпты. Қазақ пен
қалмақтың арасындағы бір қақтығыста қазақ жағы жеңіліске ұшырап, Төлек батыр

Бригадир Шәкен Нұрқасымов

  I

  Шешен емес аузымен құс тістеген, 

Батыр емес ғажап ерлік істеген.

Күнде көрер кәдуілгі кісі бұл,

Тәулік бойы трактордан түспеген.

Дана емес дара шыққан мыңнан бір,

Оған үйір емес атақ, шу-дабыр.

Шәкен дейтін, Шәке дейтін жан сирек,

Көп ауылда жүретін жай біргәдір.

Езуінде еміренген күлкі жоқ,

Қалың қабақ тұрмас, тіпті, бүркіп от.

Кітаптардан қалатұғын кездесіп,

Басқалардай бұл ағаның мұрты жоқ.

Дәмін білер тәтті менен кермектің,

Елеусіз бір солдаты бұл еңбектің.

Көз жасы, шындық және "таныс" бейтаныс

   Әділетті жоқ деме! 

Сенбейді оған өз басым.

Жасықтарға кектенем,

Қорлайтұғын көз жасын.

Кінәм бар-ау, демейді,

Күйдіргендей жұрт бекер.

Соңғы кезде көбейді

Шыбық тимес шыңқ етер...

Шындық кімде болмасын,

Сұм екеш сұм онда да...

Сұмдық - оның жолдасы,

Айтқызбайды сол ғана.

Шындық төзер - сынаққа,

Ол таңдамас ортаны,

Айтуға оны, бірақ та,

Сужұректер қорқады.

Қорқақтықты кім ақтар,

Арыңа дақ келтірген.

Үндемейді суайттар,

Өз шындығын өлтірген.

Страницы