ВЕРНУТЬСЯ

Елес

   Қазақстанды елес кезіп жүр. 
Кеу-кеудің елесі. Халықтың бәрі бірдей Карл Маркс болып кетпесе де оны
жақсы таниды. Жарықтық қашан көрсең де жау шапқандай жанығып жүреді. Еңбектің
еш, тұздың сор болмағанына не жетсін! Әйтеуір жарнамадан кенде емес. Баяғыда
бір фермер жігіт:

- Мына кісімен мені таныстырыңызшы, - деп қолқа салып еді.

- Өзің неге таныспайсың?

Ей, аппақ боран, ақ боран,

 Ей,
аппақ боран, ақ боран,

Бопытып
қарды ат маған,

Менде
де сендей боран бар,

Кеудемде
тыныш жатпаған.

Күнімен
ол да борайды,

Түнімен
ол да борайды.

Аш
бөрілерше қамайды,

Ақ
шәлі болып орайды.

Мезгілдің
сырын кім білген,

Бір
күнім қымбат бір күннен.

Тыңдамай
сол бір боранды,

Сапарға
шығып жүрмін мен.

Жеткенше
даусым шырқасын,

Жетпесе
қармен қымтасын.

Қорқыныш
емес қашанда

Бәсіре

   Көкек айының аяғында, шөптің нәрі толған кезде біздің үй бие
байлайды. Маңайдағы көрші-көлеңнің бәрі біздікіне келіп, әжемнің сақтаған
сүрінен дәм ауыз тиді. Әжемнің айтуымен, желінің қызығына, торы айғырдың жалына
май жағылды. Ел «желі майлар» деп атайтын бұл дәстүрдің елге таңсық көріне
бастауы қазір ғана...

Жұмагелді мен Серікті ертіп кеп, мен әбден марқайып жетілген
қара қасқа құлынымды көрсеттім.

- Менің   бәсірем,-
дедім   мақтанып.- Күзде   мінемін.

"Ақ кептердің" ажалы

        Түкпірдегі ауылдан қала қарасына жеткенше ел қайда, су
қайда, әйтеуір азаннан қара кешке дейін тоқтаусыз жүрген машина қызыл іңірде
ғана құс жолындай тізбектелген шамдар тізбегін әрең көреді. Бүгін екі орталыққа
күн аралата қатынайтын автобустың жолаушылар шоғырланған қалың ортасында Ертіс
те отыр. Сегізінші класс оқитын интернаттың қара баласының бұл сапарында ойға
алған арманы көп, бірақ оның бірін жөн сұраған жолаушыларға айтпайды, өйткені
ол кез- келгеннің талқысына салып қоятын еріккеннің  ермегі емес, қайта қол жетпейтін аяулы дүние.

Страницы