ВЕРНУТЬСЯ

Қоңыртау

   Көрген, 

білген,

баға айтқан небір қауым,

Жасыра алмай кеткен көп таңырқауын.

...«Төбе ғой», - деп қомсындың,

суық күлдің,

Көзге ілмей бұл жердің Қоңыртауын.

...Жан аға бұл сөзіңнен жабырқадым.

«Балам,

бұлақ түбінде дария бар»,-

деп айтатын ертеде қариялар.

Көз емес, көңіл керек екен Сізге.

Тау мен төбе тұлғасын айыра алар...

Ізет

   Қалааралық автобус Алматы қаласына жақындап қалғанда, аяғы
ауыр жас келіншек қол көтерді.

Жүргізуші жас жігіт еді, тоқтауын тоқтаса да: «Бос орын жоқ»,-
деп жағдайын айтты.

- Оқасы жоқ, тұрып барамын,- деген келіншек ішке кіргенде,
жастар жағы ұйқтаған адамдай көздерін жұма қойды. Артынып-тартынып базарға бара
жатқан алыпсатарлар былқ етпей бедірейіп отыр.

Алдыңғы орында отырған қарт майдангер орнынан тұрды.

- Қызым, мұнда кел!

- Рақмет, ата, мен шыдаймын ғой. Отыра беріңіз!

Азалы күн

       Екі-үш
жылғы демалысын бір-ақ алып директор қоңыр күзде курортқа кетті. Ендігі бүкіл
мектептің бүлігі оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұмақбайдың қолында. Тұмақбай
қолыма билік тиді екен деп еліріп жүрген жоқ, шамалы уақыт мұғалімдерге
"әй-шәй" дегені болмаса, директордың демалыс мерзімі бітісімен орнына
қайтып баратынын біледі, қайта осы кезде әлденеден жүрегі аблығып, бір
абыройсыздық алдынан тосып тұрғандай әр сөзін ойланып айтып, аяғын абайлап
басады. Елуге келгенде өз бетімен жұмыс істеп, коллектив басқарып көрмегесін бе

Ей... ей... ей!..

Ей...
ей... ей!..

Жарысатын
далаға шық,

Арғымағым
барады ала қашып.

Бар
өмірім бір бәйге мәре қашық,

Ақ
шаңыма жүрмеңдер араласып.

Құйрық
- жалы сүзілген сәйгүліктер,

Мініп
шыққан

Әй,
жігіт,

Қай
жігіттер,

Мына
топтан суырылып алға шығып,

Маңдайыма
таласар бар ма үміткер.

Бу
беліңді

Басына
шалма байла,

Жарысамыз
сонан соң андағайлап.

Дүрсілдейді
жүрегі жеткен жердің,

Жетімсіреп
қалады,

"Жерік асы" және "Жарысқазан"

   Әжемді ауыл адамдары «Би апа» деп айрықша құрметтейтін.
Торқалы тойда, топырақты өлімде хабаршылар алдымен біздің үйге келеді. Көрші
үйдегі Айтбала апам келін түсіргенде, әжеме ілесіп мен де барған едім. Беташар
айтылып,   той  дастарқаны  
жайылған   соң,   әжем  
келіннің өзіне жеке арналған «Беташар табағын» тартқызды. Кейін Гүлшат
жеңешемнің аяғы ауырлаған кезде, «көрші хақысы - құдай хақысы» деп отыратын
әжем оған арнап мал сойғызды.

Страницы