ВЕРНУТЬСЯ

Қоштасу

Айдалып Алматыда үш жыл жаттым,

Бұйырған Үйсін елдің дәмін таттым.

Болғанда төртінші жыл қайта айдалып,

Ай жарым күн-түн жүріп Арқа тарттым.

Жаны ашып келгендерді біз айтайық,

Жәмиғат біздің сөзге салса құлақ.

Жолшыбай көзі көрген мұсылмандар

Бәрі де жолың болсын деді шулап.

Сарғайып набақтыда жатқан басым,

Түскен соң қара жолға кеттім қунап.

Темір тор, тар қапастан жеріген соң,

Құса боп ой қамаққа берілген соң,

Кезеңге Арғанаты шыққанымда,

Жыладым Тарбағатай көрінген соң.

Жалғыз ағаштың жапырағы...

           Соғыстан
кейінгі жылдар. Қыркүйектің аяқ шені-ау! Мұзхананың кезекті жұмысына шақырған
хабар келісімен биыл үшті толтырып, төртке аяқ басқан Әлішін көтеріп Ұрқия
аулаға шыққан.  Аула аспанын айнала
соққан күз желінен Ошақбайдың үйінің алдындағы жалғыз тал майыса шайқалады. Бір
қораның ортасы жым-жырт, тышқан жорғаламайды. Екі-үш үйдің есігінде құлып:
қалған бір үй бос, келесі  үйде
науқас  кемпірдің уһілеп ауырсынған
дыбысы шығады. Ол үйдің қожайыны Әбілданың жұмысы - тышқан аулайтын жерде. Алты

Күміс тиындер

          Қыстың суреті бәрінен де ғажап, бірақ соны қасына барып өз қолыммен
ұстап көрейін десем менің аяқ киімім жоқ. Сондықтан әжемнің сүйретіп жүрген
ескі галошын іліп есікті ашып тұрамын да төңірекке көз саламын. Әсіресе,
ауылдан атты қонақ шықса болды, олардың ізінен абалап иттер де үре ұмтылады,
солармен қат-қабат жалаң аяқ мен де жүгіремін... Себебі, үйдегі қонақтар атын
жемдеп-сулап сәскелікте аттанады. Бұл кез қардың беті күн сәулесімен құбылып
жататын ғажайып уақыт. Жер бетіне ақ түсті қар емес, нарттай жайнаған қызыл

Реніштен соң

   Көзім жетіп... үйіңнен шықпасыңа, 

Тұрмын үнсіз телефон будкасында,

Мазасыз мұң секілді мына боран,

Көбік қарды қуады ықтасынға.

Тұрмын үнсіз телефон будкасында.

Жалт-жұлт етіп көздері қуаныштан,

Қол бұлғайды құрбылар ту алыстан,

Ыстық демнен буланды қыраулы әйнек,

Көктем иісі шыға ма мына қыстан.

Таныстардан бұғамын құрақ ұшқан...

О, беймаза кеш еді бүгін қандай,

Елегзіген көңілде уіл бардай.

Талай жылғы сағыныш - тілсіз айғай,

Өксіп келіп көмейге тығылғандай.

Көкек пен қазан

... Ең алдымен менің есіме иесіз даладағы қыстаулар оралады.
Шіркін, сол қыстаулардың кірпіші алтыннан қаланса керек-ті, жылулығын әлі күнге
дейін сезінемін. Аяғымды басып жүгіріп жеткен кезім-ау деймін, өйткені, мені
далаға көтеріп шығарып жүрген жанды әлі де 
елестете алмаймын. Дала шуақ болатын, соған қарағанда, жердің беті енді
ғана қыза бастаған көкек айы. Ал көкектердің дауысын сол маңайдан естіп
"Бұлар қай жақтан дыбыс беріп тұр" деп төңірегімді шола қарайтынмын.

Страницы