ВЕРНУТЬСЯ

Қарттық пен сарғайған суреттер

   Өткен жылдар әжім салса маңдайға, 

Қайран жастык, қош айтысып қалмай ма?

Бой тоңдырып, сүйек шаққан кәрілік,

Тұрам десең, қол салады шалғайға.

Көз алдыңа сызық түсер торланып,

Ақ таяққа қол артасың қорланып.

Шалқып жатқан көңіл кейде тарылып,

Қабағыңнан қар бүркеді долданып.

Бурыл басың жиі түсіп кеудеге,

Күдік алып, мән бересің әрнеге.

Көшедегі көп танысың азайып,

Еріксіз кеп тығыласың бөлмеге.

Жан-жағыңнан қаумалаған өренің

Қасыңда жоқ... хаттар айтып дерегін.

Коммунист

       Шидей
білектерімді сыбанып жіберіп, шөп шауып жатырмын. Жел тербеген бидайықты бірде
қиқалап, оңтайға келсе баудай түсіріп шалғыны құлаштай сілтеймін. Сілтеп жүріп,
қиялдаймын. Қиялымда - сансыз жылдардың арғы бетінен қалықтата сағым көтерген
балдай тәтті балалығым. Әкем!..

Қорқынышты түн

...Біз сол баяғы ескі жұртта отырмыз-ау... Үйіміз күтпеген
жерден қуанышқа толды да, Бибінұр мен Бибанар мәз-мәйрам. Мен ес білгеннен бері
біздің үйдің желпініп отырғанын көргенім сол, оқыс қуанышты тосырқап қараймын.
Абыр-сабырдан бойымды аулағырақ салмаққа әкемді айналып, қолтығының астынан көз
тастағам. Бибінұр оқудан оралған екен, шашының арасын айрып өргендіктен
жатырқап жүрмін. Мені қуалап ұстап алғысы келеді. Азар да безер шыға қашамын.
Өйткені, жанында бейтаныс адам бар. Ол - менің әскерден демалысқа шыққан көкем.

Қазақстан күзі

   Туған жердің қия алмай ой мен белін,

Құс керуені аспанға ойды өрнегін...

Сусылдайды қанаттар сөйлете алмай,

Сағыныштың тілі жоқ сөйлемдерін.

Сенем, сенем құстардың еліне мен,

Қанаттылар... түсінем, тебіренем;

Өмір

ұя салған бұл сары дала -

оңайлықпен ұмытылмас қоңыр өлең.

Коңыр өлең кімді де шыдатқандай,

Кұс екеш құс жүрегін жылатқандай.

Жердің мың-мың тамыры бүлкілдейді,

Бүйірі тоқ, бұлтиған бұлақтардай.

Шидің басын шулатқан мынандай жыр,

Табаны - тоң төбеге қиялдай бір...

Страницы