ВЕРНУТЬСЯ

Қалқатайым, шықтың ба қыр астына?

Қалқатайым,
шықтың ба қыр астына?

Құртқашаштың
гүлдері бүр ашты ма?

Жер
жуалар бауырын көтерді ме,

Аққу-қаздар
амандық сұрасты ма?

Көк
масаты аймағың құлпырып бар

Тіршілікке
қарай ма ынтығып тал?

Ел
жайлауға көшті ме малын айдап,

Жұмыртқасын
салды ма бұлдырықтар?

Көлеңкеден
көктемнің суық қарын,

Көрген
болсаң жатыр жер жуып тәнін.

Ақ
отаудың көтеріп шаңырағын,

Қададың
ба қолыңмен уықтарын?

Туған
айдай көктемде көркіңді ашып,

Митинг

   Кеше түс ауа басталған жаңбыр түні бойы толастамай, ақ
жауынға ұласқан. Күн қабағы сүлеленіп, дым бүріккен аспанның салқын сызы
адамдардың көңіл күйіне көшкендей. Бұлыңғыр дүииеден көз ғана емес, ой да
сүрінеді...

Бір қолшатырдың астын паналаған екеу едік. Белгілі
композитор Талдықорғаннан келіпті. «Сарыарқа» кинотеатрының гүлзарында
саңырауқұлақтай қаптап кеткен мыңдаған қолшатырдың төбесінен секірген ұсақ
тамшылар тәуелсіздіктің көз жасы секілді...

Құмдардың сусыраған тақсыретін

Құмдардың
сусыраған тақсыретін,

Тыңдардың
тусыраған тасты бетін,

Жаныммен
желеу болып жұбатарға,

Шыңдарға
алып шықтың жастық отым.

Шөлдерді
шаңқай түсте шемендеген,

Көлдерді
көзі бітіп төмендеген,

Кендерді
қойнауына ел енбеген,

Жастығым
жайнап кетсе сенен дер ем.

Қаратау!

Есіңде
ме үйелеген,

Қайран-ай,

Қанатынан
сүйеген ем,

Табанын
тас-талқан ғып

Түрксібтің

Тастарын
тасып салғам түйеменен.

Кітап

   Өткен күндерді ой елегінен өткізіп отырсам, әжем марқұм
маған бір рет қатты ренжіпті.

Ол кезде ауылдағы дүкенге кітап сирек түсетін. Әжем хат
танымайтын кісі болса да, сатушы келіндеріне мені ертіп жиі бара-тұғын.

Сырттан

   - Иттің сырттанын көресің бе?

- деді Боранхан жымың-жымың етіп. - Мына иек астыңдағы Дос
ауылының даңқын сол күшік шығарайын деп отыр.

Әр адамда болатын түрлі мінездің бәрі бір Боранханның
бойынан табылады. Бірақ, Боранханда өтірік жоқ.

Бұл жаңалық мені елең еткізді. Қаракөл өзенінің сәмбі тал ұйысып
өскен иініндегі ұядай ауылға жеткенше дегбірім қашты. Қылаулаған қар ұшқынындай
сұрақтарым да жиілеп барады.

-  Ақшәулінің аққасқаларының
тұқымы үзілмеген екен-ау...

- ?!

- Сүйегі ірі ме?

- ?!

Страницы