ВЕРНУТЬСЯ

Жаным Арал

Мен
Аралдан кеткем жоқ

Айта
көрме,

Жетелейді
ел жаққа қайта кеуде.

Көк
теңізден келген бір базаршымын,

Бұйымымды
бітірсем,

Қайтам
елге.

Тіршілікті
думандап бір тынбаған.

Қашық
тартты көк теңіз бұл күн маған.

Әр
күн сайын ақ толқын еске түсіп,

Сағынышым
сыздайды шым-шымдаған.

Жалғыз
теңіз!..

Жаным
да,

Ой
алаңым.

Жарық
күнім,

Сенделтпей
қоя ма ұлын.

Түс
көрем бе,

Жезде

   Жездем екеуміздің ойынымыз қатты еді. Үйге келген сайын мазасын
алып, тыныштық бермеймін. Төрт-бес жыл бойы баптап, күтіп әрең өсірген селеу
мұртын (ұйықтап жатқанда) қайшымен қиып тастағаннан бері, өзі менен қатты
сескенеді. Бірдеңе деуге әжемнен батпай, мысы құриды.

Оның үстіне әпкем де (әжемнің кенже қызы) адуын кісі. Менің
басымнан құс ұшырмайды. Бірінші класты бітірген жазда жездем келіп, мені
қоярда-қоймай жайлауға алып кетті.

Менің алғашқы ұстазым

              Мен
мектепті алғаш көргенде жылап жібердім қорыққаннан. Өйткені апам үйде ұрысқан
сайын:

-
Сен қыз ба, тұра тұр! Ертең оқуға беріп, көзіңе көк шыбын үймелетермін әлі...
Мына мінезіңмен қаттылау мұғалімнің уысына түссең, шашыңды талдап, түбінен
жұлар, - дейтін.

Нағашы

   Мен әжемнің бауырында өстім. Ол кісінің төркіні біздің
ауылдан жүз шақырымдай шалғай-тұғын. Біздің үй жайлауға көшіп келген күннің
ертеңінде, әжем мені шақырып алды.

- Нағашыларың Ақшиден жайлауға көшіп келіпті. Әкеңнің қолы
жуырмаңда жұмыстан босар емес. Барып сәлем бермейсің бе?- деді.

- Жарайды,- дедім мен құлшынып. Әжем жетпіске келсе де аса
қарулы кісі еді. Бәсіре тайымды өзі жүгендеп беріп, жолға салды.

Досты жұбату

   (Әуені бар)

 

  Адам болып дүниеге келген соң,

Туған жердің топырағын басасың.

Анаң саған адал сүтін берген соң,

Жамандықтан жаның безіп қашасың.

Бір суынып,

бір ыстыққа күйген соң,

Ақылыңа қайсарлықты қосарсың,

Жарық күннің жылылығын сүйген соң,

Жақсылыққа жүрегіңді ашарсың.

Кездеріңде қапы кетіп адасқан,

Ақыл айтар ағаң болса, не жетсін?!

Інің болса, еркелігі жарасқан

Өзі ұрынған дұшпанға да өжетсің!

Жан ауыртсаң жағдайына басқаның,

Страницы