ВЕРНУТЬСЯ

Түрмеде

 Күлдір
де, күлдір кісінеген,

Ауыздық
шайнап есінеген,

Күреңге
мінер ме екенбіз!

Кенеп
жейде, көк шекпен,

Ырыстан
деген өсектен,

Құтылып
шығып далаға,

Құстай
түлер ме екенбіз!

Көңілдің
кетіп қапасы,

Дұшпанның
салған жапасы,

Жылаған
жетім-жесірдің

Бізге
де тиіп батасы,

Көрерге
нәсіп болар ма,

Дүниенің
жарық опасы!

Күңгір
де, күңгір, күңгір үй,

Қаңқайып
тұрған үңгір үй.

Мен сені түсімде көрдім, тіршілік

            Отардан екі қой бөлініп кетіпті. Ақшыл құмдардың арасымен ат
сабылдырып көп жүрді. Сыдыртып тегістікке де шығып көрді. Шоқытып жүріп,
түбіршікке сүрініп омақаса құлады торы ат... Жанын жеген жарақат пен аптапты ай
далада тіршілік үшін күрес үш күнге созылды.

***

"Қарындасы адал ер бақытты, келіні адал ел бақытты"

   Атам әңгімешіл кісі. Әр сөзін дәмдеп, баппен айтады. Біз
ертелі-кеш үйірсектеп қасынан шықпаймыз. Ол кісі келгеннен бері әпкелерім мен
қарындасым бізден озып төрге шығатын болған. Шешем қыздарын жақтырмағандай
бір-екі рет күңкілдеп еді.

- Қой, қарағым. Қыз баласын босаға жаққа отырғызған қай
қазақты көріп едің?!- деп атам тыйып тастаған.

Қарлы жел әйнек қаққанда

   Арқырап асау ақпанда, 

Ашулы боран соққанда.

Алыс қырдан кісінеген,

Ақ көбік болған аттар ма?!

...Ояндым шошып ұйқымнан,

Қарлы жел әйнек қаққанда.

Бір кезгі жасыл бақтарда,

Көміліп суық ақ қарға;

Жайдарман жазын сағынып,

Жапырақтар жылап жатқан ба?

...Ояндым шошып ұйқымнан,

Қарлы жел әйнек қаққанда!

Ең жақын жандар жат болған,

Түсініспей жүрген шақтарда;

Көктемде маған жазылып,

Кешігіп келген хаттар ма?

...Ояндым шошып ұйқымнан,

Қарлы жел әйнек қаққанда.

Үш күндік дәурен

         О-о, шіркін, елге деген сағыныш деп әскерден қайтқан
бозбаланікін айт. Жатса-тұрса көкірегін толқын тербеп, аяғы жерге тимей
қалықтайды-кеп... Туған жер - ертегі. Ол соған асық. Жүрегің алып-ұшқанда уақыт
деген көк есек, ілгері ұмтылса да, кегежектеп кейін кетіп бара жатқан
секілді... Көк поездың митыңынан жалыққан Жеткергеннің ұшарға қанаты жоқ,
өзіндей солдаттармен әр нәрсеге елең етіп әзер отыр. Құрылыс батальонында
қызмет еткендіктен бәрінің де  қалталары
қалың, әрқайсысында бес жүз, алты жүздің қарамында ақша бар. Сол ақшаға

Страницы