ВЕРНУТЬСЯ

 Күлдір
де, күлдір кісінеген,

Ауыздық
шайнап есінеген,

Күреңге
мінер ме екенбіз!

Кенеп
жейде, көк шекпен,

Ырыстан
деген өсектен,

Құтылып
шығып далаға,

Құстай
түлер ме екенбіз!

Көңілдің
кетіп қапасы,

Дұшпанның
салған жапасы,

Жылаған
жетім-жесірдің

Бізге
де тиіп батасы,

Көрерге
нәсіп болар ма,

Дүниенің
жарық опасы!

Күңгір
де, күңгір, күңгір үй,

Қаңқайып
тұрған үңгір үй.

Білмейді
жауап қатарға.

Рыздық
айдап келтірді,

Ішінен
тағам татарға.

Еркі
өзінде бар болса,

Бір
минут пенде жатар ма?

Терезеден
телміріп,

Екі
көзін сатар ма.

Осы
тұрмыс ұмыт боп,

Жарық
таң бізге атар ма!

Рақым
қылар пенде жоқ,

Мұң-мұқтажыңды
айтарға.

Темір
кісен шешіліп,

Болар
ма уақытым қайтарға...

Пешінен
шыққан түтіні

Еліме сәлем айтар ма