ВЕРНУТЬСЯ

   - Сен Әуенді ренжітпе,- деді атам мені қасына шақырып алып.-
«Аға - бор, іні - тас» деген мәтелді естіп пе едің? Оның мәнісі былай: сен
естиярсың ғой, ол болса әлі ақылы кірмеген сәби. Сондықтан да бірді түсінсе,
бірді түсінбейді. Және кенже бала өзімшіл болады. Жалпы, жасы кіші бауырға
кешірімді болу керек. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»
дегенді ұмытпа! Туманшы деген елде ертеде Төлек атты батыр болыпты. Қазақ пен
қалмақтың арасындағы бір қақтығыста қазақ жағы жеңіліске ұшырап, Төлек батыр
ұлын артына мінгестіріп қашып келе жатса, «ағатай, бізді қалдырма» деп Есенбай,
Құлтан деген інілері алдынан шығыпты. Соңынан дұшпан өкшелеп, алдынан екі інісі
шырқыраған Төлек батыр:

Көзінен аққан қанды жас,

Атаңды күнде жау қумас.

Әйелдің ұлы, аттан түс,

Құдайым ұлсыз қалдырмас.

Емшектес болған қос бауыр

Төлекке қайтып табылмас! -

деп, баласын жауға қалдырып, екі інісін құтқарып қалған
екен.