ВЕРНУТЬСЯ

Бабаң
сенің жалаңаш жауға шапқан

Әлди-ай.

 Әкең сенің қайыспай қайда шапқан,

Әлди-ай,

Әкең
сенің о бастан жырға жақын боп туды,

Кем
боласың сен енді

Қай
қазақтан, әлди-ай.

Маған
сәби шағында жыр боласың,

Әлди-ай,

Ақ
мамаңның жүзіне нұр боларсың.

Әлди-ай.

Менің
үшін ұлымсың өзгермейтін мәңгілік,

Халқың
үшін есейіп кім боларсың

Әлди-ай.

Ұйықта
менің бөбегім балбырап бір,

Әлди-ай.

Ақ
жүзінде ай нұры албырап тұр

Әлди-ай.

Есейгесін
мінер деп ниет етіп байлаған,

Есігімнің
алдында арғымақ тұр

Әлди-ай.

Тал
бесіктен босамай шарқ ұрасың,

Әлди-ай.

Аппақ
таңы тәңірдің жарқырасын,

Әлди-ай.

Бозамық
таң туғасын беріледі бостандық,

Сонан
соң-ақ тәй басып қаз тұрарсың

Әлди-ай.

Саған
тарлық етер ме барлық үйім

Әлди-ай.

Кірпіктерің
айқассын қалғып, ұлым,

Әлди-ай.

Қаңтар
туып қасқырша тұр ғой далада,

Есігімнің
алдында қарлы құйын

Әлди-ай.

 Көңілдерге
қараймыз үміт толып

Әлди-ай.

Сен
кетерсің күні ертең жігіт болып

Әлди-ай.

Бақытыңды
қашанда бір сәт табарсың халқыңмен,

Сол
байлықты таппай-ақ үйіп-төгіп,

Әлди-ай.