ВЕРНУТЬСЯ

Әйелдер әлеміндегі әңгіме

Күн сенбі, дала бұлтты, күз әдемі,Келгенмін қой базарға түс әлеті.Мал таңдап, сойдыруға кезек күттім,Той, қонақ – бұл қазақтың бір әдеті. Жел үрлеп, тығыламыз ықтасынға,Жасамыс жандар кілең тұр қасымда.Бір әйел өткен күнді еске алады,Уақыттың қалып қойған жылғасында: -Балауса бір уыстай денем болды,Ақырған аюдайын енем болды.Төрт қызы төрт жағымнан анталаса,Бетерден деген осы бетер болды! Тұрмыстың тауқыметін арқаладық,Тірелді намысымыз арға барып.Тік тұрып тілерсектен қонақ күтіпЖүргенде арайлайтын таң да ағарып. Талмастан жұмысты да атқарамыз,Қуанып, елмен бірге шаттанамыз...Ауырдың үстім

Қарт майдангердің келіні

Құлыншаққа-------------------Сөйлейтін сөйлесе сөз шабыттанып,Дана қарт бір кісідей  бақытты анық.Тағдырдың талқысына бой бермеген,Ғұмыры ақылды іске бағытталып. Жаманға жаны ешқашан жұғыспады,Даланың жұпарымен тыныстады.Жақсымен, жайсаңменен дәурен кешіп,Өмірде еселенді ырыс-бағы. Құшағын көпшілікке жая білген,Адамға жылы сөйлеп аялы үнмен.Қыр-сырын жалпақ дүние пайымдағанҮндесіп бар болмысы баяғымен. Әр сөзі қазақ деумен қайталанып,Әлі күн толғанады ойға батып...Күн көзі көкжиекке жасырынды,Барады ұясына Ай да батып... Тоқсанның тұғырынан асып барып,Ақсақал ажарында асыл қалып.Кәрілік дәу

Ақырзаман жайлы ой

Арайланып алтын нұр таң атқанда,Жалбарынып жүрелік Жаратқанға.Ұлы Тәңір паш еткен құдіретін-Он сегіз мың ғаламды жаратқанда. Жымдастырып қойған-ау бәрін түзіп,Тағдырында әркімнің – кәміл сызық...Фәлсафасын ұға алмай тіршіліктің,Табиғатты тәрк еттік заңын бұзып... Көк аспанды айырып, тілгіледік,Қара жерді қақ бөлді бұрғы керіп...Көк теңіздің флора, фаунасынҚап-қара май мыстандай қуды келіп... Цунамилер, Торнада - бір аймақта,Жанартаулар енгендей дүлей шаққа...Жер шарының жартысы егесуде,О, Адамзат бүлінді-ау, Құдай сақта! Бір жақтарда ормандар өртенуде,Дөңгеленген дүние кер кетуде...Табиғат

Мәрттік туралы жыр

Ай, заман-ай, заман-ай,Біреуге соққан самал-ай,Біреуге тас қамал-ай!Шырмауыңа шырмалып,Таппаған айла, амал-ай.Шапқан шақта намысқа,Кешегі атыс-шабыста,Баянсызға бақ қонды,Құдайсызда тақ болды,Алды-артын ойламай,Шын байламын байламай,Талайлар оған жақ болды.Жақ болғанын айтайын,Асыл затын танымай,Пәтуаға жарымай,Біреуге біреу тор құрды,Ойы пәсті зор қылды.Жұртына салып ылаңды,Құдыққа жықты құланды.Тайдырып жолдан ұланды,Бауырына тартты жыланды,Ұмытып ата ұранды,Аяқ асты ғып Құранды.Қамауға торға ұмтылдыДаласын сүйген қыранды.Кешегі Құрмаш, мысалы,Қуғын көрген құсалы,Қамығып қан ішсе де,Текті

Страницы