ВЕРНУТЬСЯ

Ғалым Бисембіұлы  ӘРІП  Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылындағы орта мектепті 1976 жылы бітірген соң, алғашқы еңбек жолын облыстық «Коммунистік жол» газетінде корректорлықтан бастады, әдеби қызметкер болды. 1977 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне  күндізгі бөлімге түсіп, 1982 жылы тәмамдады.  1982-84 жылдарда Алматыда «Жалын» баспасында  поэзия редакциясында кіші редактор, редактор қызметтерін атқарды. Редакторлық (баспагерлік ісі) курстан өткен.1984-88 жылдар аралығында облыстық «Коммунистік жолда» тілші, секретариат қызметкері, жауапты хатшының орынбасары. 1988-90 жылдарда Ақтаудағы Абай атындағы мәдениет сарайында нұсқаушы-методист. Осы жылдарда облыс көлеміндегі тұңғыш Наурыз мейрамы, ПГМК кәсіпорнының 30 жылдығы, Ақтаудың 30 жылдығы мерекелерін өткізуде олардың сценарийлерін жазып, әрі ұйымдастырып, қоғамдық белсенділігімен көзге түсті. Ақтауда қазақ мектептері, бала бақшалары, өнер мектебінің ашылуы, жабылып қалған қазақ тіліндегі газеттің қайтадан жарық көруі, өлкедегі қоғамдық-саяси өрлеулердің қызу ортасында болды.1990-94 жылдарда қалалық-облыстық «Маңғыстау» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, ал 1994 жылдан  бас редактордың бірінші орынбасары.«Жыл он екі ай», «Жақсы жұмыс», «Көңілді тоқсан», «Қарлығаш», «Абитуриент-77», «Мерейлі мекен», тағы басқа  жинақтарға топтама өлеңдері енген.Өзінің дербес «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Асылдың сынығы», «Каспий трагедиясы»,  «Жұлдыз-ғұмыр», «Рух жанартауы», «Ақын арманы»(азабы), «Төрт толғау»  атты поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптары жарық көрді. Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған «Жаңарған Ақкетік», Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Отты жылдар жаңғырығы» кітаптарының авторы. «Гармония» атты жыр жинағы ақын Р.Рябцовскаяның көркем аудармасымен (жолма-жол аударған Раушан Әріп)  орыс тілінде басылып шықты. Жазба ақындардың 1990 жылғы Алматыда өткен республикалық тұңғыш Мүшәйрасына Маңғыстау облысынан бірден-бір қатысушы.Ғ.Әріп журналистер мен ақындар арасындағы облыстық, республикалық бәйгілерде жеңімпаз, жүлдегер атанды. Облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерекелік медальмен және ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері.

Ғалым