ВЕРНУТЬСЯ

Шуақты шақ шашып нұрын, күлімдеп,Наурыз тойы жатыр өтіп дүрілдеп.Халқымыздың танып озық дәстүрін,Шаттанамыз жүрегіміз дірілдеп.Шаттанамыз кең көшеде көсіліп,Мақтанамыз мерейленіп, тасынып.Кәрі жартас жібігендй тұр балқыпАсау теңіз арнасына бас ұрып!Жаға-жайлау, өмір -өлең, өрт-жаның,Беу, азамат, халқың барда қорықпағын.Көтереді қайда жүрсең сол халық-Жүрегіңде сезінсе сәл от барын!Лаула, лаула! Болмайды енді тірілмей,Келешекке көз тігелік түңілмей.Сүйеу болып бірімізге біріміз,Арамыздан ала мысық жүгірмей.Нұр-шапағын тұрса шашып жарық күн,Маздамайды ел, жер үшін жанып кім?!Туған дала тынысы үшін, ағайын,Мұрасына үңілейік халықтың!

Автор: