ВЕРНУТЬСЯ

Сүйер болсам қалай Күнді – жарықты,Сүйем сондай Қазақ деген халықты.Тумысынан жаратылған тұлпар боп,Сүйем сондай арда мінез алыпты.Қазақ деген қанды халық, ер халық,Ұсақтықтан аулақ жүрер арланып.Пасықтықтан бөлек оның ауылы,Жасықтықтан жалы биік нар халық.Қазақпын деп мақтанамын мен дәйім,Барша әлемге жазық менің маңдайым.Қазағымның жүрісі сол арқайын,Қаралыққа жаны бір жат жандайын.Қазақпын деп мақтанамын төс керіп,Жалпақ жұртты тума-туыс, дос көріп. Ақ көңілін ашық жайған халықпыз,Қазағыма кім шыға алмақ өштеніп?!Біз – қазақпыз, бөлінбеген іргеміз,Үш бірдей Жүз – мәңгі-бақи біргеміз.Қара халық табысады қашанда,Қанымызда болғаннан соң бір негіз.Қазақпын деп мақтанамын әманда,Бірге болсақ, алынар сан қамал да.Хандар өтер, халық қалар жоғалмай,Менің мынау даңғайыр кең даламда!Бабалардың қозғар болсам ерлігін,Жырлар едім тоқтамастан кемді-күн!Бүгін менің қайта келді теңдігім,Алға қояр арман-мақсат ендігі –Қазаққа тән қасиетім, елдігім!

Автор: