ВЕРНУТЬСЯ

Менің сөзім тек қана Қазақ үшін,Қазақ үшін,Ел үшін,Сәл де болса жалғасам деп қол ұшын.Ей, бауырым, сен де маған қолың соз,Жырларыма құлағың түр ол үшін.Білесің бе, білесің бе, сенің бабаң,менің бабам,Қас-Сақтар,Туған жерін қорғапты ғой қас қақпай.Кең даланы ұрпағына сый еткен –Баба даңқы бермек мәңгі асқақтай.Көкбайрақты желбіретіп, Ту ұста,Тығылма сен тышқаншылап қуысқа.Көкбөріге сиынған ер қорықпас-Тәуелсіздік тұрған кезде уыста.Білесің бе, Көк Түріктің Дабысын,Тұлпарының оқыранып тұяқ қағысын.Жалпақ әлем жалтақ-жалтақ еткен кез,Батыр бабам  қорғап елдің намысын.Тумысында тұғырлы, тұрпаты өктем,Кең даланы жайлаған Ғұндар өткен.Тоныкөк, Білге қаған, ер Едіге,Тоқтамыс, Темір сынды шыңдар өткен.Томиристей патшайым қыздар өткен.Білесің бе, кәр төксе қаһарланып,Бабам менің баһадүр атанды анық.Қарасаңшы көсілген кең далаға,Мұндай байтақ бар ма екен жаһанда алып.Құлағың түр, ал енді сара сөзге,Сара сөз бе, білгенге дара сөз бе,Менің сөзім арналар бар қазаққа,Болсын мейлі жырларым дала кезбе.Шерлі сөзім шығар-ау шақарланып,Менде де бар бабамдай қатаң қалып.Беу, қазағым, мықты бол өзіңе енді,Босбелбеу боп, сор кешпей жаһанданып.Құл болады құл-сана шылауға ерген,Тұл болады құр дала тонау көрген.Құрығында кетпейді құтырғанныңАщы-тұщы бір татқан ұлан-елмен.Түрлі зәрін төксе де жаһан мейлі,Қауіп-қатер, төнсе де қаһар мейлі,Қазақ жерін қорғайтын қазақ керек,Қазақ елін қорғайтын қазақ керек,Қазақ басы бір болса азат дейді,Бірліксіз ел тірліксіз, мазақ дейді...Білесің бе, беу ұлан, ғалам сырын,Ең әуелі пайымда бабаң сырын:Жаһандану жаңғақтай жалт береді,Қасиеттей білсең сен Далаң сырын.Дала сыры- елдіктің ерен жыры,Тектіліктің қаныңда тереңдігі.Бекем болсаң анаңның тіліне сен,Ұлтжандылық болмыстың кемелдігі.Бабаң сенің сор емес-Рухты Ел,Сен, ендеше, қарағым, уықты кер.Шаңырақты ұстайтын мұрагерім,Тумысыңнан жігерлі, уытты кел.Бұзылмасын уласа өр санаң ніл,Туған ел деп күнбе-күн бусана біл.Жаһандану – жын-кұйын секілді ғой,Қарсы келсе, қағынтып су шаша біл.Айтқанымды әсте бір қате көрме,Жүрегіңді қыздырсам отты өлеңге!Бабам-Қазақ оздырып арғымағын,Бой бермейік жаһан мен жат әлемге!...Адам іспен танытар мәрт екенін,Мен де сынбас өмірде қарт еменің.Жарым келіп тіл қатты анадайдан,«Көрейін деп, мен енді «Мәртебелім!»– «Мәртебелім!»Қой, қалқам,                 не дегенің,Мәртебелің-мен боламЕрен ерің...– Мәртебелім сенсің ғой –Қазақ Ұлы,Көрейінші киноны, кемеңгерім!.....Үнім өшті.Алайда, ойым алаң,Мұндай күйден қалай мен тойына алам?Түрік, қытай, кәрістің фильмдері,Қала берді Батыстың ойынынан...Жалаңаш қыз, жын-ойнақ, кесірлі ісі,СПИД, секс, жауыздық, есірткісі...Жаһандану сілкіне секіріп тұр,Жағадан ап Уақыттың екіндісі!Қуат алған даңғайыр даласынан,Баба Даусы саңқылдап санасынан,Беу, қазағым, ақының үн қатады,Жаһанданбай жаһанға тіл қатады,Әзәзілді сілкілеп жағасынан...

Автор: