ВЕРНУТЬСЯ

Үрке берем , адамзат, үрке берем,Секілденген құбыжық бір пәледен.Арашашы бола алмай Жер-Анаға,Зағип болып қалардай қайран Дала.Қорқа берем, күйініп, көңіл күпті,Қараңғы ойға жетелер өмір тіпті.Желегінен айрылып сортаңданып,Жапа шексем қайтермін жерім құтты?!Жұрттың бәрін жоқ жайым дос көрердей,Қойдай момын бола алман өшкен елдей.Естімесе даусымды бүтін қазақ,«Қаратаудың басынан көш келердей!..»Үрке берем, ағайын, үрке берем,Жазғандайын қапаста, түрмеде өлең.Жырға қосар кең Далам тілім-тілім,Ақиреттің азабы бұл не деген?Арман болып алыстап албырт жасым,Ағыл-тегіл жүрмеймін шалқып-тасып.Ақиқатты айтпасқа амалым жоқ,Қор болар деп қорықпай алтын басым.Үркемін мен, үрейім – ел тағдыры,Үркемін мен, үрейім – жер тағдыры.Топан сумен жер бетін толтырардай-Тәңірінің төпейді сел-жаңбыры...

Автор: