ВЕРНУТЬСЯ

Тәңірдің тартқан талқысынТағдырлы Далам-ай!Қан кешіп өткен халқы үшінАйбынды бабам-ай!Кеудемді кернеп шабытты үн,Шалқимын шаттанып.Арайлап таңы бақыттың,Басыңа бақ дарып!-Байтағым!Қайырмасы:Отанын, жерін сүйген,Күмбірлеп жаны күйден,Елдіктің мәнін түйген –Берендерім!Ноқтасын ұстап көштің,Қоңыр жел болып естің,Ұйқысыз түндер кештің –Кемеңгерім!Сүйенер жалғыз тірегім,Ұлы Елім сен едің!Қазақтың бүкіл жүрегінПір болып демедің!Бабалар қолдап, киелер,Нұрлы жол –сара басталған.Көшбасы Ол, көсем, иегер,Көкбөрі сынды Астанам!Қайырмасы:Азаптан шыққан Киелім,Мазаққа қалма енді!Қазағым – қаным, сүйегім,Шарықта, талма енді!Әулие қолдап, әруақ,Таймасын тұғырың.Қазанат-тұлпар-арғымақ-Болсыншы мәңгі ғұмырың!Қайырмасы:

Автор: