ВЕРНУТЬСЯ

Байтағым

Тәңірдің тартқан талқысынТағдырлы Далам-ай!Қан кешіп өткен халқы үшінАйбынды бабам-ай!Кеудемді кернеп шабытты үн,Шалқимын шаттанып.Арайлап таңы бақыттың,Басыңа бақ дарып!-Байтағым!Қайырмасы:Отанын, жерін сүйген,Күмбірлеп жаны күйден,Елдіктің мәнін түйген –Берендерім!Ноқтасын ұстап көштің,Қоңыр жел болып естің,Ұйқысыз түндер кештің –Кемеңгерім!Сүйенер жалғыз тірегім,Ұлы Елім сен едің!Қазақтың бүкіл жүрегінПір болып демедің!Бабалар қолдап, киелер,Нұрлы жол –сара басталған.Көшбасы Ол, көсем, иегер,Көкбөрі сынды Астанам!Қайырмасы:Азаптан шыққан Киелім,Мазаққа қалма енді!Қазағым – қаным, сүйегім

Ең сұлу әйел

Жәйлап қана салып көр жанар ұшын,Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін.Жер бетіне тіршілік таратушы,Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше, қылығы да,Түсіне гөр жан сырын шын ұғына.Кеудесінде күмбірлеп әлди-әні,Балбұлақтың ұқсайды тұнығына. Бөлек оның көзінің қарасы да,Күн сәулесі құйылған санасына.Ұлылық пен мейірім ұялаған – Бас имей гөр адамзат Анасына!Бар пендеден мен оны даралаймын,Көзге кірбің ілгенін қаламаймын.Одан асыл, одан пәк тіршілік –пәс,Еш әйелді оған тең баламаймын. Жер бетінде сұлу жоқ одан асқан,Бұл әйелдің бейнесі дара-дастан.Дәуірлердің қарамай ауырына,Жаратушы ұрп

Ата Заң

Туған Ел- бақытымның бұлағындай,Жүректен тұра алар ма жыр ағылмай.Айналған өмірімнің өрнегіне –Ата Заң – арқа тұтар ұранымдай.Туған Ел – шырқау биік шынарымдай,Келеді қалықтағым қыранындай!Мәңгілік киелімдей қастер тұтар –Ата Заң – мойынға ілер тұмарымдай.Туған Ел – алтын таңның шуағындай,Мен де бір жарқылдаймын шырағындай.Айнымас адалдықтың туы сынды-Ата Заң –елдігімнің Құранындай!Туған Ел – табан таймас тұғырымдай,Шаншылсам шаңыраққа уығындай!Апарар адамзаттық ұлы көшке –Ата Заң – қазағымның РУХындай!

Тойға шашу

Қасиетті қара шаңырақ –Форт-Шевченко(Ақкетік) шаһарының 150 жылдығынаБабам да сенсің, Кетігім, данам да сенсің,Байтағым бүкіл нәр алған анам да сенсің.Болмысың бөлек жаралған, баһадүр қалам,Бозарып жатқан даңғайыр даламдай кеңсің.Бақ құсың қайта оралды басыңа қонып,Бақытыңменен, бағзы өңір, асыға жолық.Барша жұрт бүгін баса алмай көңіл аптығын,Балбұлақ сезім бүлкілдер тасына, толып.Берекет берген керемет бесігім менің,Бар әлем білген киелі есігім-төрім,Болашақ бүтін ұрпақтар баяны болар –Бас қалам, мәңгі жаңғырар есімің сенің!Бұла күш бойды кернейді тойыңды көріп,Барады та

Страницы