ВЕРНУТЬСЯ

Ана туралы ән

Өлеңі Ғалым ӘріптікіӘні Жайшылық ТөребаевтікіЖарық күндей жан анам,Жаз дидарың - алтын таң,Жақұт –сәуле жан-жағына таралған.Өзің жайлы салам ән,Өмір бойы нәр алам,Жан балаңмын жүрегіңнен жаралған.Шабыт құйдың шалқыған,Шуағыңа балқыған-Перзентіңмін пірге сені балаған.Шұғыла шашқан ғаламға,Барша жұртқа – адамға,Шаттық сенің жүрегіңнен жаралған.Жақсылық тек тілегің,Жалын-оттай нұр-өңің,Айналасың, толғанасың балаңнан.Ізгілікті әр ісі,Бұл тірліктің мәнісі-Бақыт сенің жүрегіңнен жаралған.

Заула, егемендік тұлпары!

Көк байрағым желбіреп асқарымда,Алтын шуақ төксе Күн аспанымда,Ауыздығын шайнаған арғымақпенАйға да біз жетерміз қас-қағымда!Аман болсын туған ел қайғы-мұңнан,Абай болсын алыс жұрт айбынынан.Айналаға тарасын жақұт-сәуле,Аңсап жеткен азаттық таң нұрынан.Жайым болмас дәл бүгін іркілерге,Тұяқ тарпып тұлпарым сілкінер де!Тәуелсіздік, теңдіктің туын тіктеп,Жар салады жайсаң ұл бүкіл елге!Көз қызығар көркіне қазанатым,Тұғырына қонып нық азаматым,Заулай ағып барады болашаққа,Жария етіп ғаламға қазақ атын.Заман-заңғар,ілесіп ұлы ағынға,Арғымақтың ойнармын құлағында.Қазақстан – бақытым, бұлағым да,А

Туған жердің ерлері

Көнбейтұғын көлденеңнің ырқына,Көңілімнің хошы келер жұртыма.Қынабында қылп-қылп еткен қылыштай,Жанарының жалт-жұлт еткен жылтына.Мінезіне мәрттік тұнған марғасқаМаңғаз ерлер ұқсайды өткір алмасқа.Бірде дауыл, бірде толқын ашулы,Бірде теңіз мізбақпайтын жартасқа.Пысқырмайтын тірлігіңе далбаса,Күркірейтін алаяқтар алдаса,Көкірегінде от-намысы бар оның,Ел дегенде – жан-жүрегі қан-жоса.Мәймөңкені сүймейді оның суқаны,Тәуекелге қашанда бел буғаны.Бауырындай жаяр саған құшағын,Шындықты айтсаң шымырлатып құйқаны.Құйқылжуға салар болсаң не түрлі,Қанжар-сөздер тілгілейді бетіңді.Топырағына тартпай

Желтоқсан айы қаралы

           немесе         Аза жырыҚазақ елінің азаттығы жолында шейіт кеткен есіл ерҚайрат Рысқұлбековтің рухына----------------------------------------------Желтоқсан айы қаралы,Қанды жас көзден ағады,Қазақтың арын арлауға,Қазақтың жерін қорғауға,Жарқылдап отты жанары,Жалынды ұрпақ саналыБастаған қайсар рухқаБұйығып жатқан қаланы.Ұланын елдің басынып,Жендеттер қару асынып,Жауыздық қылып жалалы,Ашылды арсыз араны...Ерлердің есін кетірмекЕсірткі менен арағы...Арандатудың жолы осыБасқа амал-айла шамалы,Ызадан күйіп кектенгенЖастар да лаулап

Шалқыма

Жаным жайлы, ой –мұхит, көңіл сергек,Желпінтеді жел беріп өмір-дүрмек.Замананың көшіне ілеспекке,Жүрегімнен ұқсайды жыр еспекке.Ұлы уақыт ұйытып сезім нәрін,Шашады нұр шуағын көзім-жалын.Шабытты кез шалқыған күйге ұласып,Күннен күнге барады ұйқы қашып.Тұла бойда бұрқана тулап қаным,Тымырсыған тірліктен аулақтадым.Тіктегенде түзеліп ел еңсесін,Ақтарылып барады өлеңдерім.Қалғып-мүлгіп күй кешер жайым нешік,Жата алмадым елді ойлап уайым кешіп.Жан бағысын ойлаған жігіт пе екем,Ел мүддесін қорғаймын тұрып бекем.Дала десе, мұрагер баладаймын,Түн ұйқысын төрт бөлген анадаймын.Замананың самалы бетт

Страницы