ВЕРНУТЬСЯ

Көнбейтұғын көлденеңнің ырқына,Көңілімнің хошы келер жұртыма.Қынабында қылп-қылп еткен қылыштай,Жанарының жалт-жұлт еткен жылтына.Мінезіне мәрттік тұнған марғасқаМаңғаз ерлер ұқсайды өткір алмасқа.Бірде дауыл, бірде толқын ашулы,Бірде теңіз мізбақпайтын жартасқа.Пысқырмайтын тірлігіңе далбаса,Күркірейтін алаяқтар алдаса,Көкірегінде от-намысы бар оның,Ел дегенде – жан-жүрегі қан-жоса.Мәймөңкені сүймейді оның суқаны,Тәуекелге қашанда бел буғаны.Бауырындай жаяр саған құшағын,Шындықты айтсаң шымырлатып құйқаны.Құйқылжуға салар болсаң не түрлі,Қанжар-сөздер тілгілейді бетіңді.Топырағына тартпай тумас тұғырлы ер –Туған жердің аруанасы секілді...

Автор: