ВЕРНУТЬСЯ

  С.ШапағатовқаБос сөйлеуге әуеспіз,Бойда жоқта бекемдік.Батыр ұрпақ емеспізАлла тәуба етерлік.Бес саусақтың басы бірБірікпейтін болдық па,Сөзге келсе қазымыр,Істе де сол даурықпа.Жүгінемін мұндайдаҰлы Абайдай алыпқа,Жаны күйген ылғи даӨзі туған халыққа.Бір-бірімен дүрдараз,Ымыраға келмейді.Өңшең жалған кіл қоразЖұртты қалай ел дейді?!Айға ұмтылса біреуі,Тобығынан қағып бір,Өздері іштен ірейді,Не жау тиген халық бұл?!Елім деп бір ер шықса,Жерім деп бір ер шықса,Оған еріп қол шықса,Дейді өзгесі:малтықса.О, замана, не сұмдық,Әруақтар, кешіңдер.Тайынбастай шешіндік,Бастайды алға есіл ер.Біз жасаймыз ұлы істер,Қолдап сендер тұрғанда.Күтеді алда жеңістер,Асыл туған ұл барда.

Автор: