ВЕРНУТЬСЯ

Ұйқыдасың сен әлі,Қашан ұйқың қанады?!Ойласаңшы Даланы-Күн-құшақты Ананы.Зауал бұлты тарады,Заман заулап барады.Көп ұйықтаған шала мас-Көш соңында қалады.Ес жиятын заматта,Талпын таудай талапқа.Тарланбоздар жатпасын,Тойып алып тамаққа.Тойса қарын тамаққа,Бақыт деген сол-ақ па?Басқа шығып битіңіз,Өзің жүрсең балақта?Намыс, жігер, ерім-ау,Қайда қаның сенің-ау?Ие болар өзің ғой,Қасиетті жеріңе-ау!Беу, қазағым, қазағым,Еркіндікте жаз адым.Көрудей-ақ көрдің ғойТалайлардың мазағын.Есіңді жый, бауырым,Құрыспасын жауырын.Құнысуды сүймейдіҚұдіретті дәуірің!Атқанда таң нұрланып,Қарамайды ер ұрланып.Бақытына жетпейдіЖүрген жандар бұлданып.Сілкін, Далам, қалың жұрт,Жүрегіңді жалын ғып!Елім деген бір ұлмын,Елім  деген жанымды ұқ!!!

Автор: