ВЕРНУТЬСЯ

Түсінбей әлі жүрсің бе,Жүрмісің ,әлде, қия алмай?Ұлыңды ойлап күрсінбе,Мақтан тұт тіпті ұялмай.Еркімді өзім алайын,Емеспін енді жас бала.Ортамда сүйген қалайын,Ұшырар баптап астана.Жүректі жарған өлеңімЖатқанда қайнап миымда:Тағдырға не деп көнемін,Тағдырды жеңу қиын ба?!Бұйырған мынау өмірденБұйығып қалай өтейін?Онанда аспан көгінеАққу боп ұшып жетейін.Самғаумен талмай,Қалықтап,Арманға қарай жүзейін.Шырқауға шыңда шарықтап,Өзімше бағыт түзейін.Болғанмен балаң тәттілеу,Бақытым жолын байлама.Ұлыңа тілеп ақ тілеу:«Аман жүр,-деші,-қайда да».Мақсатым емес,МақтаныпҚалдыру бір сөз артыма.Бойымда барды ақтарып,Берсем деп едім халқыма.                             1981жыл.

Автор: