ВЕРНУТЬСЯ

Бауыржан Момышұлына-----------------------------------Еңсесі ерен биік Ерім менің,Елім деп, жерім деумен еңіредің.Ешкімге есең кетпей еркін жүріп,Есерді мысыңменен жеңіп едің.Еңселі тұлғаңа сай мәрт мінезің,Ерекше өтті лаулап отты кезің.Егесіп дұшпанменен қан майданда,Естілді намыс қайрар қатты сөзің.Дұшпанның қалмай мазақ, табасына,Жауыңның салдың қолды жағасына.Жат жұртқа бермес үшін тулақтай жер,Туладың күн туғанда ел басына.Шоқтай боп кекке тұнған жанарыңнанШоңдығың, дөң айбатың аңғарылған.Жимадың айылыңды Отан үшін,Жау оғы бұрқаса да жан-жағыңнан.Қаймықпай өлімнің де елесінен,Хас батыр, мәңгі орын ап ел есінен,Қасқайған қаз қалпыңда ғұмыр кештің,Өмірдің өрге жүзіп кемесімен.Жалтақтап жан бақпадың жаралы аңдай,Айнымас қара жолдан қара нардай,Қаныңа сіңген дара қасиетіңмен-Даңқыңды қалдырыпсың бабалардай.Танылып атың бүкіл дүйім жұртқа,Ел болып тағы өзіңе сиындық па,Жан едің аруағы үстем дүниеде,Жан, Баукем, сен демеу бол қиындықта.Заманның запыран боп зары кейде,Адамның ауырардай жаны бейне.Қазағыңды қорғаштап тауқыметтен,Орныңнан бір аунап түс ұлы кеуде!

Автор: