ВЕРНУТЬСЯ

Халқының қаны сіңген келбетіне,Ел үшін кеуде керген жел өтіне,Ез емес, ер мінез боп жаратылғанКөңілдің хошы келер ерлеріме.Жүрегім тыным бермей ұрғылаған,Жан едім тереңімнен жыр құраған.Даңғайыр жігіттермен Дала болып,Жусанның жұпар иіісі бұрқыраған.Шалқыдым асау теңіз – дариямдай,Шабыттың шарпуынан арыла алмай.Жасасын жайсаң мінез азаматтар,Сыйласаң, сыйлайтұғын жаны қалмай.Атырдым ондай жанмен таңды бірге,Достардың қалған ізі әр күнімде.Солармен өмірімді думан еттім,Жүруге дайынмын да мәңгі бірге.Сырымды мен оларға жайып тұрам,Дос барда көзден мұңды ғайып қылам.Қашанда көңілімді көркейтеді –Қазақтың жігіттері сайыпқыран.

Автор: