ВЕРНУТЬСЯ

Елім,Ерім деп мағанТөріңді бүгін бұйырттың,Түндігін түріп,тұманын серпіп тұйықтың,Тұнжырап жатқанДалаңа тыныс бердің де,Бойыңды билеп,көңліңді демдеп, ұйыттың.Көзімді қадапкөсілген шалқар бейнеңе,Қазақпын дегенмақтаныш қонар кеудеме.Бабадан қалғантектілік тұрпат тіріліп,Дарияда талмайілесті көшке дәу кеме.Елім,Егемен болдық,елдіктің күйін шертетін,Бұрауы келіптұрғандай сазды перненің.Алдыңда сеніңмың мәрте тұрып бас ием,Егемен елім,Кеше мен Бүгін,Ертеңім!Жерім,Бабадан қалғанбаянды байлық-мұрамсың,(Қиястық қылсам,Аталар, жауап сұрарсың).Тулақтай жердіңаялап ырыс-нәсібін,Болмағым парыз тым аршыл.Жаныңа сеніңкелтірмей мүлде кінәрат,Алармын шараіс қылмау үшін бір ағат.Барыңды базаретуге барды салармын,Өмірде керек, әрине, сабыр, қанағат.Қасиет сіңгенҚара жер сенің құлыңмын,Қайқайған қылышсекілді қайсар ұлыңмын.Қанына тартыпжаралған қазақ баласы,Қадірін білмексыйлаған халқы тұғырдың.Халқым,бұл үшін мың-мыңөзіңе айтар алғыс-сыр,Аялай берсінжүзіңді жарқын таңғы нұр.Атағың сеніңалысқа кетсе деп едім,Жер-жаһан танып мәңгі бір.Қайнарым сенсің,тұп-тұнық мөлдір бұлағым,Шынарым да өзің,ұраным да өзің,шырағым.Халқымның даңқығасырдан асып ғасырға,Қазақтар десебар әлем түрсе құлағын.Өмірлік мақсат,нақ осы арман көксеген,Болашақ ғұмырболарға баян бек сенем.Бұйырған бақ-тақ:Еліме,Жерім,ХалқымаАқ адал қызмет етумен дәйім өтсе екен!!!

Автор: