ВЕРНУТЬСЯ

Мағжан ата рухынаТұранның түлесе дер кең даласы,Түркінің тікте бойды бел баласы.Түріміз, діліміз бір, түбіміз бір,Туың тік, түркі дүние – Алты Алашы!Тірлікте біз кешпелік арзан-ғұмыр,Тін тартып тереңдерден арман-тұғыр.Түркістан ұлағатын ұран еткен,Текті ұлан - тұталық та Мағжанды пір!Тынысты келді, туыс, жазар шағың,Толағай жүзеге аспақ әз-арманың.Тарихын тани білсе түркі жұрты,Тегінде сейілер-ді жанарда мұң.Тағдырдан ескен кезде жылымшы леп,Түркіге толғаналық ғұмыр тілеп.Тәуелсіздік Қазаққа бұйырғандаТүркия таныған-ды бірінші боп!Тәңір-ай, толғайыншы, толғайыншы,Түркінің намысын бір қорғайыншы.Теңіздей тебіреніп, еміреніп,Тылсымнан қобыз-үнмен сарнайыншы.Тынымсыз домбырам да бебеулесін,Тоныкөк, Күлтегіндер жебей берсін!Түркіге түңілместей РУХ берген -Тарланым – Мағжан сынды елеулі есім!Түріктер тастан сомдап нар тұлғасын,Төрінде асқақтаған алтын басын.Түркістантәлім алыпАнкарадан,Төрінде ер мүсіні жарқылдасын.Түркістан – мұқым түрік қағанаты,Түркінің осында ұран – жағар оты.Мағжанды ұлықтасақ, ұлықтайық,Түркіге шексіз болған махаббаты!

Автор: