ВЕРНУТЬСЯ

Әр істе, достым, болғай-ды санада түйін,Санаң бір болса, түркілік санаңа сиын!Тәңір деп көкке қарайды Құдайдың құлы,Тәңірдей көріп баһадүр бабаңа сиын.Бөгдеге бодан делқұлы санадан арыл,Ақ жүрегіңмен әрдайым Аллаға жарыл.Көкірегіңе кір жұқса, көңілің –соқыр,Мәңгүрттік ғұмыр кешкенге – дүние-ғапыл.Ақыл мен сезім үйлессе үрейің болмас,Періште жанды пендеге Құдайың жолдас.Шабыт та қонар бойыңа самғауға биік,Қырандай қиял қалықтап қанатың талмас.Көңілің қуыс тартпасын сиынар жатқа,Түркілік санаң сүйресін бұйырар баққа.«Қазағым!» деген текті ұлан, Қазаққа сиын,Қаныңды қозғап, қайралып, сілкінер шақта!Сиыну үшін түйе біл санаға түйін,Қастерлі баба-дәстүрді санама қиын.Көк Тәңір менен Көк Бөрі айбарың болып,Көсіліп жатқан киелі Далаңа сиын!Қорғаның болар атаң мен анаңа сиын!Жақпайды маған, жігітім, желөкпе күйің,Ағымдар, елес-сағымдар – нәлетке – тиым!Үш жүз алпыс әулие,Пайғамбар соңы,Пірлердің Пірі,Кие –Аруақ –Бекетке сиын!!!

Автор: