ВЕРНУТЬСЯ

«...Балық шоқжұлдызы бойынша туған адамдардың ішінен өте талантты жазушылар, суретшілер, әртістер, сазгерлер, өнер адамдары шығуы мүмкін. Көпшілігі  медицина, педагогика, дін саласында еңбек етіп, теңізші, етікші, балықшы, биржа ісі мамандықтарын меңгереді.Балықтар йога, астрология, хиромантия, құпия күштерге сену іліміне бейім болып келеді...»                                               (Шығыс жұлдыз-жорамалынан). Біз – Балықпыз,Балық деген бәтуалы халықпыз:Ніл-мұхиттың түпсіз бір әлеміне сүңгитін,Жан әлемнің  қыртыстарын үңгитін, Тұңғиықтан мың-құпия  сыр тартып,Жүрекке жүк, ел, жер үшін мұңды артып,Адамзаттың шері жанға тым батып,Аруақтар аян беріп, үн қатып,Кең даланың жасылындай жайқалып,Аспан кезген ақша бұлттай найқалып,Кей күндері айналғандай ғайыпқа,Кей күндері әнге салып қайықта,Бойымызда болса да ақыл, байып та,Айқай салып кетсек кейде айып па?!Тұлабойдан тылсым күштер оянып,Көз алдымыз мың-сан жақұт боянып,Жер-Анадай бірде иіп, бусанып,От жанардан көктем самал-нұр тамып,Жылылықтың нәрін сеуіп адамға,Мейірленіп он сегіз мың ғаламға,Жұлдыз-сәуле тұрсақ шашып бір кезек,Найзағайдай жарқылдаймыз бір мезет,Бұл не дүние, қызыл-жасыл бір әлем,Айналамыз ағыл-тегіл жыр-өлең,Көңіл бірде шалқып, бірде босайды,Көрем жақсы наурыз деген осы айды,Көздің алды, көрсе көзім, кіл теңіз,Көңіл сырын қалай, сірә, іркеміз?Аласұрған айдындайын күйдеміз,Кейде біздің сыр береді жүйкеміз.Ақжал толқын Балықтарға -Тәңір сый,Болмас бізде пәстік сезім, дамыл күй,Күн көзінен қуат алған жанды арбап,Секілдіміз атқан таңдай рауандап,Жыл басы боп бесік жырын шертеміз,Сәбидейін ұлы өмірге еркеміз,Данадайын көсем, шешен кейде біз,Баладайын кейде бейқам пендеміз.Ет-теріден жаралса да денеміз,Рухтансақ, басқа әлемге енеміз.Дауыл да біз, жауын да біз, пай-пай-пай,Дарияларда еркін жүзген тайсалмай,Біз балықпыз,Біз балықпыз,Балықпыз,Алабөтен арлы туған халықпыз.Күн кешпестей пайым менен парықсыз,Мәңгі алаудай тұрсақ дейміз жанып біз.Ешкімнің де айтағына  ермейміз,Ешкімнің де өсегіне сенбейміз.Ешкімнің де бопсасына көнбейміз,Хас тұлпардай шапқан сайын өрлейміз.Ешкімге де айта алмаймыз құр өкпе,Еш кінәрат болмас біздің тілекте.Көк Тәңірін балай білген тірекке,Құдайымыз, иманымыз жүректе!                         ***                      «Өзің кімсің?» деп бірауыз сұраңыз,Өзім жайлы –Жыр жалғасы – бір ауыз:...29 ақпан...      таңға ауғанда...Періштелер «әумин» дескен  - ұлы абыз.Гүл-көктемнің басы болып баянды,Ұл-нәресте тіршілікке оянды...29-ақпан түні...БіріншіНаурызға да келіп, міне, таянды...Бұл ғаламда небір тосын жаңалық,29 ақпан...       төрт жыл жоғалып...кетеді екен...       біз де сонда ғайып боп,Жыл құсындай келеміз бе оралып?..Өмір – жұмбақ,       адам – жұмбақ,                 жыр – жұмбақ,Келем тылсым табиғаттан сыр тыңдап...Нән балықтай ніл-айдынның төсінде,Сағат тілі соққан сайын сыртылдап...Өзегінде өмір шамын дарытқан,Айналайын айдын сәні – Балықтан.Құдай берген қасиетті қастерлеп,Күш аламыз ерен қуат-шабыттан.Беу, Балықтар, бар болмысы үйкескен,Талмай жүзіп, тағдырымен үйлескен.Жұлдыздардың баршасымен жарасты,Біздің бақыт баян тапқан Бикешпен...О, Құдірет!Билегенде сезім-дүр,Жер мен Көктің елшісіндей сезіндір.Кемерінен асқан теңіз тәріздіТасып кетсек көңіл, шіркін, өзің біл.Біз бе екенбіз тәтті өмірге мас адам,Біз бе екенбіз ағыл-тегіл бос адам,Сырт көздерге емеспіз бе есалаң,Сақта өзің, о ғұлама Жасаған!

Автор: