ВЕРНУТЬСЯ

Елім жайлы ойласам,Жанарыма толар жас,Өткеніне бойласам,Жаным маза таба алмас.Далам дархан болса да,Батыр-бабам қорғаған,Дұшпан көп боп соншама,Көгін түнек торлаған.Қамын ойлап халықтың,Білегінің күшімен,Қорғапты елді, жарықтық,Найзасының ұшымен.Туған жер деп қиып жан,Тартқан азап, қасірет,Тағдыр қатал бұйырған –Біз осындай халық ек.Салып заман ойранын,Сілкісе де талай сын,Қынабында қайралып,Жарқылдапты, жарайсың!Беу, қазағым, бауырым,Есіңді жый, қауымым.Қара нарша көтерген,Дәуірінің дауылын.Көкте күнің тұр күліп,Тізгініңе бол мығым.Жайнау үшін тіршілік,Тұтасатын туды күн.Қадамыңды дұрыста,Туды қолға нық ұста.Құшағыңды аш туысқа,Жан-жақтағы ел, ұлысқа.Жолың шалғай, сәт сапар,Сәйгүлікті қамшыла.Туды-ау күнің жан саларМаңдай терге малшына.Жасара бер сан түлеп,Жаңғыра бер, жазирам.Жүректегі бар тілек-Жайнағаның, қазынам.Қазақстан – нұрлы аспан,Таңғажайып жыр-дастан.Ғасырлармен сырласқан,Заманамен бір басқан.Өткеніңді ойлап ем,Жанымды мұң кеулеген.Бүгініңді той көрем,Бойды шабыт кернеген.Қазақстан, байтағым,Қарыштай бер, қарышта.Жәннаттайын жайнағын,Самға, самға, ғарышқа!

Автор: