ВЕРНУТЬСЯ

Мазам болмай, көңілім алаң менің,Елестейді Күн-бейнең, анам сенің.Мен өмірде жаныңда жүре алмадым,Арман қуған қиялшыл балаң едім.Алыс кеттім ауылдан, бауырдан да,Тас-түйін боп төс кере дауылдарға.Қиналамын қасыңнан табыла алмайҚан қысымың тасынып ауырғанда.Сарыуайымға, білмеймін, салындым ба,Бөленеді біртүрлі жаным мұңға.Екі көзің төрт болып ұлыңды ойлап,Жолға қарап  келер деп сағындың ба?Сезем, анам, сарыла күтеріңді,Келеді деп үзбейсің күдеріңді.Ойлап мені түнімен күйзелдің бе,Мұңға орантып арайлы реңіңді.Қылығым да аз болмас сүйінерлік,Келмеді деп жайың бар күйінерлік.Мына тұрған қол созым ауылыма,Бара да алмай жүрмін-ау жиілетіп.Кешіре гөр, анашым, кеш ұлыңды,Ардақ тұтам ақ сүтің, бесігіңді.Жүрегімнен мәңгіге өшірмеспін,Ана деген әулие есіміңді!

Автор: