ВЕРНУТЬСЯ

Туған Ел- бақытымның бұлағындай,Жүректен тұра алар ма жыр ағылмай.Айналған өмірімнің өрнегіне –Ата Заң – арқа тұтар ұранымдай.Туған Ел – шырқау биік шынарымдай,Келеді қалықтағым қыранындай!Мәңгілік киелімдей қастер тұтар –Ата Заң – мойынға ілер тұмарымдай.Туған Ел – алтын таңның шуағындай,Мен де бір жарқылдаймын шырағындай.Айнымас адалдықтың туы сынды-Ата Заң –елдігімнің Құранындай!Туған Ел – табан таймас тұғырымдай,Шаншылсам шаңыраққа уығындай!Апарар адамзаттық ұлы көшке –Ата Заң – қазағымның РУХындай!

Автор: