ВЕРНУТЬСЯ

Тағы тұр ма сезіліп күз лебі,Мына желің не іздеп үздігеді?Менің жаным құс болып ауылға ұшып,Жүргім келер ата-ана, бауыр құшып,Тумысымнан жан едім туыс құмар,Тірлік кейде жаурынды құрыстырар,Кеуде керіп замана өкпегіне,Жете алмадым кең жайлау бөктеріне,Айлар менен апталар ағыстады,Адамдайын жүрмін мен алыстағы,Сағыныштың кептері самғайтындай,Көңілімнен мұнар-мұң қалмайтындай,Қанат та бар шырқасам талмайтындай,Сонда жайым не елге бармайтындай?Болмайды екен өзімді қайрамасам,Бойда қанды тулатып қайнамасам,Тірлігім не бауырды баурамасам,Ата-анамның көңілін ауламасам?!

Автор: