ВЕРНУТЬСЯ

Ойламан өшеді деп тілім менің,Ана тіл - әулие тіл – Пірім менің!Мың мәрте басымды иіп жүгінетін,Тілімді сақта Құдай, Ұлы Елім!Тағдырдың көрсем де сан тар заманын,Жараспас жасық жандай зарлағаным.Түркінің туын тіктер Қазақпыз біз,Тілімен кестелеген арман-әнін.Атса да таңдар талай мұнарланып,Танытты тарландарым қыран қалып.Атақты арыстарым арқасындаАна тіл бүлінбеді шұбарланып.Ана тіл – қазақ тілім, арқаландым,Көздегі кіреукедей тарқаған мұң.Ананың ақ сүтіндей аялаумен-Енді оған қорған болғай барша халқым.Беу, досым, безенейік тілді бүгін,Ана тіл – рухы ата күлдігінің!Қазақша сөйлескені қос қазақтыңБелгісі бірлігі мен тірлігінің.Көзіме іркілген шық жас емес пе,Қайран тіл, көңіл-күйің пәс емес пе?Киелей алмаса елім қадір тұтып,Қарабет болу нағыз осы емес пе?Қайрайық, намыс отын үрлейікші,Қысылмай, қамсыз қалып жүрмейікші.Қастерлей білмесек біз ана тілін,Қазақ боп босқа ғұмыр сүрмейікші!

Автор: