ВЕРНУТЬСЯ

«О кезде, деді әкем, қайран, бәрі,Көк теңіз – мәңгіліктің сайран-бағы,Балықтар тайдай тулап, құстар сайрап,Бақуатты ғұмыр кешті ел қайраңдағы».Жайы бар көнеден сыр ақтарғандай,Қартымның көңілі өсіп, шаттанғандай.– Қызыл су мұз бетіне кілкігенде,Итбалық көш түзейтін шақтар қандай! –дейді де, жалғар әрі бірер ойды,– Сол кезде тартар теңіз кілегейлі,Итбалық Күнді мұз деп КүншығысқаКөшеді пәк сезіммен үрегейлі...Итбалық жайында айтсақ қанады айыз,Өрбітер өз ұрпағын таза, нағыз...Туады күшіктерін мұз үстінде,Көк мұзда – аппақ күшік – ғажап аңыз...Ұғу да теңіз сырын бақыт шығар,Өтті ғой небір ерлер алып шынар.Жаяулап ақ күшікті соғып алар,Айырттан етік киген балықшылар.Ақ мамық – ақ күшіктен күрте ілер,Ақ күшік он күн өтсе қайта түлер.Қап-қара жылтыр тартқан сол күшіктенБасына оқсаулы етіп бөрік киер...Ол кезде...      Итбалық та,               Қызыл балықЖүреді жағалаудың тұсында анық.Айырар нәпақасын сол теңізденЖағаны мекен еткен дүйім халық.Алсаң да қанша балық, сонша толып,Байлығы көрген емес орта болып...Шалқыған шалқар айдын-дариямызҚазаққа ырыс пен құт-қамба болып.Итбалық өлмейді еш ажалынан,Қырылар төтеннің тек тажалынан...Күйрете түйреп өтті Бүгінді әкем,Ой қозғап Баяғының базарынан...Көз салып көк айдынның кемеріне,Сол ойдың ерем мен де жетегіне...Қарт Каспий кемсеңдеген секілденді:«Тажалдың құрбаны боп кетемін бе?!»«Байқаймын, содыр-сойқан аямайды,Теңіздің әлемін кім аялайды?!Барар жер, басар тауы таусылғасынБалықтар қайда барып саялайды?!»Осылай жас төккендей Айдын-Ана,Шер-шемен, жан-жүрегі қайғы-жапа...Қайдасың, арашашы беу, адамзат,Қайдасың, ер-азамат ойлы, дана?!.

Автор: