ВЕРНУТЬСЯ

Ұлтының сөзі десек қарияны,Ұлтының қыздар болар ар-ұяты.Ұрпақтан ұрпақтарға ұластырар –Ұлағаттап салт-дәстүр –дарияны.Ардақтап ана тілін, баба жырын,Сүйеді ол қыр жұпары, дала гүлін.Өн бойынан аңқыған жусан иісі,Қастер тұтқан халқының даналығын.Дініне берік, жаны елім деген,Жасай бер туып-өскен жерім деген,Қазақтың көргенімде хас аруын,Еміренем, ерекше тебіренем.Намысына тәнтімін, бас иемін,Тұмар еткен бабалар өсиетін.Қайран біздің қаракөз қарындастар-Сақтай білген жұртының қасиетін.Ұлттық мирас-мұраны асқақ тұтып,Тәрбиеңмен жаманды жасқандырып,Көріне бер шыңдардың шырқауынан,Тектілігің жанардан жас тамдырып!Тал бойыңа өрлікті жиып алып,Ұлы өмірден жүргейсің сиыңды алып.Ұйқысынан оянып Томиристер,Өнеріңе қол соқсын дүйім халық.Қалықтасын қияға арман құсы,Жүректегі лауласын от-намысың.Бұл өмірде ешқашан қияс кетпес-Бола білген ұлтының мақтанышы!Дүлдүлдейін топ жарса Құлагері,Тәңіріне тәубе етер ұлан-елі.Ұл деп, қыз деп ұрпағын бөле жармас,Ұлтын сүйген –ұлтының мұрагері!!!

Автор: