ВЕРНУТЬСЯ

Соңғы кезде ой басады, мұң қалың,Толғанады терең бойлап бұл Ғалым.Көшкен бұлттай жылдар жөңкіп аулаққа,Жастығымның ала кетті-ау гүл бағын.Көкірегімнің күйі қайда дауылды,Ағыл-тегіл шағым қайда жауынды?Шалқып жүрген ақын қайда өрт мінез,Аңсай сүйген туған дала, ауылды.Сағынышпен еске алатын бауырды,Кездер қайда қаным тасқан арынды?Кең дүниеге сыя алмай сенделіп,Ғұмыр кешкен күндерім-ай жалынды.Өтті бәрі,өкініш жоқ өзімде,Өмір сүйген махаббат бар көзімде.Ақыл тоқтап, ойлылыққа ұласып,Шалынғым-ақ келмейді ұшпа сезімге.Тұла бойда қалса-дағы қызу-от,Желпінсем де бал шарапқа қызып ап,Желік құмар тіршіліктен беземін,Жанұямнан жоқтай артық ұжмақ..Солай деймін, бекем менің жүрісім,Жынды құсап кешкен тірлік құрысын,Жазғы самал секілденіп желпиін,Жан-жарымның кеңітейін тынысын.Өз ошағым ғана емес, ұлы елімСеземін ғой сенім артып жүрерін.Жас жетпістен асқан ата-анам даБілемін ғой ұл тілеуін тілерін.Ей,азамат, енді өзіңе бол мығым,Елден ерек тасамын деу – сорлы ұғым.Одан-дағы қазағыңа қорған бол,Көрсеттірмей көлденеңнің қорлығын.Осы сөзді өзіме-өзім серт қылам,Жүрегімде оянады өртті ұран.Бәріміз де елдің қамын ойлайық,Құлағың түр, қайсар қандас, беу, қыран!Алданбайық арзанына тірліктің,Марғасқасы атанайық жігіттің.Осы ойымды арнадым бар қазаққа,Үзігінен ұстағандай үміттің.

Автор: